О внесении изменений в решение районного маслихата от 14 марта 2009 года N 13/3 "О ставках налогов и отдельных видов платежей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 14 марта 2009 года N 13/3 "О ставках налогов и отдельных видов платежей"
- Атауы (қаз.)
- "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы N 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/2
- Қабылданған күні
- 22.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2018 63111_310314.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SJ000150
- ЭКБ идентификаторы
- 63111
- Редакция идентификаторы
- 63111_310314
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:38
0 "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы N 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» N 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» № 99-IV (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. «Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13-10-81 бойынша 2009 жылғы 17 сәуірден тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырдағы № 20 «Знамя труда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес 2008 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкалары 4 қосымша бойынша белгілеу»;
2 2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
КЕЛІСІЛГЕН
КЕЛІСІЛГЕН
3 Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 40/2 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкалары
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың ай сайынғы ставка
мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
Ойын жолы
Карт
Бильярд үстелі