О внесении изменения в решение акима Каменского сельского округа от 14 сентября 2009 года № 1 «О присвоении наименований улицам в селе Каменка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Каменского сельского округа от 14 сентября 2009 года № 1 «О присвоении наименований улицам в селе Каменка»
- Атауы (қаз.)
- Каменка ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1 «Каменка ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 12.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2017 112561_189471.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BFG05980
- ЭКБ идентификаторы
- 112561
- Редакция идентификаторы
- 112561_189471
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:07
0 Каменка ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1 «Каменка ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Каменка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Каменка ауылдық округі әкімінің «Каменка ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-107 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 қазандағы «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 15 сәуірдегі Каменка ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Каменка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Карасаева
12.05.17ж.
Астрахан ауданының «Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Кулаков
12.05.17ж.
Астрахан ауданының «Экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Шонабаева
12.05.17ж.