Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 14 марта 2009 года № 13/3 "О ставках налогов и отдельных видов платежей"

Өзге акт · № 5/4 · қабылданған 06.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2009-no-133/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 14 марта 2009 года № 13/3 "О ставках налогов и отдельных видов платежей" Күшін жойған Өзге акт ·№ 5/4 ·06.08.2012
26.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 14 марта 2009 года № 13/3 "О ставках налогов и отдельных видов платежей"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5/4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 14 марта 2009 года № 13/3 "О ставках налогов и отдельных видов платежей"
Атауы (қаз.)
"Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" Мамлют аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5/4
Қабылданған күні
06.08.2012
Көрсетілген редакция
26.03.2018 67728_310320.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12SJ001874
ЭКБ идентификаторы
67728
Редакция идентификаторы
67728_310320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:38

0 "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" Мамлют аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтіқ құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6-тармағына сәйкес, Мамлют аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. «Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы» Мамлют аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 17 сәуірінде № 13-10-81 тіркелген, «Знамя труда» газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 20 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес»:
1) 2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
2) 2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
3) 3 қосымша алып тасталынсын».

2 2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
«Мамлют ауданы бойынша
салық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Жансеитов
6 тамыз 2012 ж
«Мамлют ауданының экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р. Ғаббасов
6 тамыз 2012 ж

4 Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 6 тамызындағы
№ 5/4 шешіміне қосымша 1
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша 1
2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі,стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
№ п/п
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
1 күнге (теңгеде) біржолғы талонның құны
1
Сауда үстелінен азық-түлік тауарларын сату
320
2
Шатырда азық-түлік тауарларын сату
485
3
Мәшинеден азық-түлік тауарларын сату
520
4
Көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін, шекілдеуікті қолдан сату
70
5
Сауда үстелінен көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін, шекілдеуікті сату
320
6
Мәшинеден көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін сату
712
7
Ет өнімдерін сату
412
8
Өндірістік тауарларды қолдан сату
140
9
Сауда үстелінен өндірістік тауарларды қолдан сату
320
10
Шатырда өндірістік тауарларды сату
510

5 Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 6 тамызындағы
№ 5/4 шешіміне қосымша 2
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша 2
Мамлют ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
1 күнге (теңгеде)біржолғы талонның құны
1
Тұқымдар сонымен қатар отырғызатын өскіндер сату (көшеттер, өскіндер) стационарлық орындардан басқа
76
2
Бақша өнімдерін стационарлық орындардан басқа жерлерде сату
411
3
Жеке тракторлар иелерінің жер учаскелерін өңдеу жөнінде қызмет көрсету
515
4
Стационарлық орындардан басқа жерлерде саяжайларда, үй ауласында жас гүлдерді сату
180
5
Стационарлық орындардан басқа жерлерде қосалқы шаруашылық, бау–бақша, саяжай өнімдерін сату
96
6
Монша сыпырғыштарын сату
140
7
Аула сыпырғыштарын сату
190
8
Балды сату
500
9
Балықтарды сату
240
10
Ірі қара мал бағу, бір бас үшін
2,25
11
Жылқыларды бағу, бір бас үшін
3,22
12
Қойларды бағу, бір бас үшін
0,48

Қолданыстағы