Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение от 14 июля 2009 года № 14/187-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)"

Өзге акт · № 32/382-IV · қабылданған 27.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2009-no-14187-iv-ekb-61044/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в решение от 14 июля 2009 года № 14/187-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)" Күшін жойған 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в решение от 14 июля 2009 года № 14/187-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)"

Күшін жойған Өзге акт № 32/382-IV 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение от 14 июля 2009 года № 14/187-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области (города, района)"
Атауы (қаз.)
"Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV шешімге өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32/382-IV
Қабылданған күні
27.09.2011
Көрсетілген редакция
27.08.2026 I61044_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11V0002557
ЭКБ идентификаторы
61044
Редакция идентификаторы
I61044_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:02
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV

шешімге өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 27.08.2026 № 30/265-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының 2011 жылғы 15 маусымдағы № 7-3594-11 наразылығын қарай отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV шешімге (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2512, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 140-141, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 132 сандарында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын алған әрбір адамға тиісті мәслихаттар хатшылары және облыс (қала, аудан) әкімі:
1) куәлік;
2) төсбелгі тапсырады.
Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматының есімі облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматтары кітабына енгізіледі, ол тиісті мәслихатта немесе облыстық (қалалық, аудандық) өлкетану мұражайында сақталады.
Жұртшылық ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Құрметті азаматтың есімі қалалар мен ауылдық елді мекендер көшелеріне берілуі мүмкін.».

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.