О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»
- Атауы (қаз.)
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 15.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 154735_652495.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000246
- ЭКБ идентификаторы
- 154735
- Редакция идентификаторы
- 154735_652495
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:37
0 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында
дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Гранттың мөлшерлері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2140733 (екi миллион жүз қырық мың жетi жүз отыз үш) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 3038333 (үш миллион отыз сегіз мың үш жүз отыз үш) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».