Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы"

Қаулы · № 1030 · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2009-no-317-ekb-96642/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" Күшін жойған Қаулы ·№ 1030 ·22.12.2015
01.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1030 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы"
Атауы (қаз.)
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1030
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
01.09.2023 96642_652493.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001030
ЭКБ идентификаторы
96642
Редакция идентификаторы
96642_652493
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:50

0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Ережеде» деген сөз «Қағидаларда» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында (бұдан әрі – мектеп) дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Бiлiм беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» дербес білім беру ұйымының 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үмiткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi – үмiткерлер) конкурсқа қатысуға жiберiледi.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміттенетін білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде екінші кезең нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.»;
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі.»;
17-тармақта:
екінші абзацтағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.»;
ескертпе* мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: *дәлелді себептерге сырқаттану, жақын туыстарының қайтыс болуы, еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор), оқушының шет елге оқуға кетуі жатады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Гранттың мөлшерлері:
1)жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 656 433 (бір миллион алты жүз елу алты мың төрт жүз отыз үш) теңгені;
2)жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 554 900 (екі миллион бес жүз елу төрт мың тоғыз жүз) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы