О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 330 «Об утверждении перечня гарантированного объема специальных социальных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 330 «Об утверждении перечня гарантированного объема специальных социальных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 91
- Қабылданған күні
- 02.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 119122_645017.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000091
- ЭКБ идентификаторы
- 119122
- Редакция идентификаторы
- 119122_645017
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:31
0 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 120-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі мына қызмет алушыларға ұсынылады:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі – мүгедектер);
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі – қарттар);
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (бұдан әрі – үйсіз адамдар);
7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).».