Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление от 14 апреля 2009 года № 351 "Об определении мест выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района"

Қаулы · № 1780 · қабылданған 16.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2009-no-351/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление от 14 апреля 2009 года № 351 "Об определении мест выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района" Күшін жойған Қаулы ·№ 1780 ·16.04.2013
19.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление от 14 апреля 2009 года № 351 "Об определении мест выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1780 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление от 14 апреля 2009 года № 351 "Об определении мест выездной торговли в населенных пунктах Зыряновского района"
Атауы (қаз.)
"Зырян ауданының елді мекендеріндегі көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1780
Қабылданған күні
16.04.2013
Көрсетілген редакция
19.01.2016 72363_56905.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VL002942
ЭКБ идентификаторы
72363
Редакция идентификаторы
72363_56905
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:16

0 "Зырян ауданының елді мекендеріндегі көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 27-баптарына, «Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысына сәйкес, Зырян қаласының аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Зырян ауданының елді мекендеріндегі көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы» әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде нөмірімен 5-12-83 тіркелген) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Зырян қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын автодүкендерден көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 8-қосымшаға сәйкес орындар.»;
аталған қаулыға 1-қосымшаның 1-тармағы келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) Бочарников көшесі бойынша трансформаторлық қосалқы станса мен «Нокия» дүңгiршек аралығында.»;
аталған қаулыға 6-қосымша келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бочарников көшесі бойынша трансформаторлық қосалқы станса мен «Нокия» дүңгiршек аралығында.»;
аталған қаулыға 2-қосымшадағы 3-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Зырян қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын автодүкендерден көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар тізбесі

Зырян ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 16 сәуірдегі № 1780
қаулысына қосымша
Зырян ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351
қаулысына 8-қосымша
Зырян қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын
автодүкендерден көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған
орындар тізбесі

1 1. Бочарников көшесі бойынша трансформаторлық қосалқы станса мен «Нокия» дүңгiршек аралығында.

2 2. Солнечная көшесі бойынша «Алые паруса» кафесінің ауданында.

3 3. Панфилов көшесі бойынша «Рита» дүкенінің ауданында.

4 4. Панфилов көшесі бойынша «Эконом» дүкенінің ауданында.

5 5. Геологическая көшесі бойынша «Луч» дүкенінің ауданында.

6 6. Рудная көшесі бойынша «Ивушка» дүкенінің ауданында.

Қолданыстағы