О внесении дополнений в постановление акимата города Петропавловска от 14 апреля 2009 года № 444 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Петропавловска от 14 апреля 2009 года № 444 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- "Петропавл қаласы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 741
- Қабылданған күні
- 01.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2010 46960_203963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SA000156
- ЭКБ идентификаторы
- 46960
- Редакция идентификаторы
- 46960_203963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:51
0 "Петропавл қаласы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-1 Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 5-4) тармақшасына, 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Петропавл қаласы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысына (2009 жылғы 24 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-152, «Қызылжар нұры» газетінің 2009 жылғы 1 мамырдағы № 18 саны, «Проспект СК» газетінің 2009 жылғы 1 мамырдағы № 18 санында жарияланған), мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) еңбекақысы сақталусыз демалыстағы тұлғалар;
5) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған тұлғалар;
6) өндіріс тоқтап тұрғандықтан жұмыспен уақытша қамтылмаған тұлғалар;
7) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
8) өз тілегі бойынша жұмыстан шыққан тұлғалар;
9) орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде);
10) 25-ті қоса жасқа дейінгі жастар».