Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 514 «Об утверждении Правил регулирования цен (тарифов) на услуги предоставления линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, а также оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры «э

Қаулы · № 352 · қабылданған 21.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2009-no-514-ekb-210510/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 514 «Об утверждении Правил регулирования цен (тарифов) на услуги предоставления линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, а также оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры «э Қолданыста Қаулы ·№ 352 ·21.05.2025
21.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 514 «Об утверждении Правил регулирования цен (тарифов) на услуги предоставления линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, а также оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры «э

Қолданыста Қаулы ·№ 352 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 514 «Об утверждении Правил регулирования цен (тарифов) на услуги предоставления линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, а также оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры «э
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірд
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
352
Қабылданған күні
21.05.2025
Көрсетілген редакция
21.05.2025 210510_758224.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000352
ЭКБ идентификаторы
210510
Редакция идентификаторы
210510_758224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:17

0

«Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағасын (тарифін) реттеу тәртібі айқындалады.»;
12-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы;»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметтердің бағасын (тарифін) қарау кезінде:
тиісті салалық нормалармен немесе ұқсас қызметтерді көрсететін операторлар қолданатын нормалармен салыстыру арқылы Оператор қолданатын көрсетілетін қызметтердің бір бірлігін ұсынуға шикізат, отын материалдарын, материалдық ресурстар энергиясын жұмсау нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына;
ұқсас қызметтерді көрсететін операторлардың еңбегіне ақы төлеу шығындарымен салыстыру арқылы Оператор персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстарына;
Оператор көрсететін қызметтер бағасының (тарифінің) артуына айтарлықтай әсерін тигізетін басқа да шығыстарға талдау жүргізеді.
15. Хабарламаны (өтінімді) қарау кезінде уәкілетті орган бағаларды (тарифтерді) басқа операторлардың, сондай-ақ ұқсас немесе дәл осындай көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың белгілі бір санаттары үшін осы Оператордың өзінің ұқсас көрсетілетін қызметтерінің бағаларымен (тарифтерімен) салыстыра талдауды жүргізеді.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Оператор көрсететін қызметтер бағасының (тарифінің) негізділігін растау мақсатында уәкілетті орган ақпарат сұратады, ол операторлар тиісті сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

2 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

3 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

4 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда).

5 5. «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.

________________________________

2 Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің бағасы реттелуге тиіс көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің бағасы реттелуге тиіс көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

1 1. Техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды пайдалануға беру.

2 2. Кабельдік кәріздегі арнада кабель-орынды пайдалануға беру.

3 3. Антенна-діңгекті құрылысжайлардағы және тіреуіштердегі орындарды жалға беру.

4 4. Жерүсті аналогтік және цифрлық қалааралық және аймақішілік арналарды жалға беру.

5 5. Жалғастыру желілерін жалға беру.

6 6. Тікелей сым-өткізгішті жалға беру.

7 7. Деректер берудің арналық және (немесе) желілік деңгейінде байланыстың жерүсті цифрлық арналарын жалға беру.

8 8. «KazSat-2», «KazSat-3» ғарыш аппараттарының транспондерлерін және (немесе) транспондерлерінің сыйымдылығын жалға беру.

________________________________

Қолданыстағы