О внесении изменений в совместное постановление акимата города Актау от 14 августа 2009 года № 928 и решение Актауского городского маслихата от 14 августа 2009 года № 22/209 «О наименовании территории под условным названием «Фонтан», расположенной в 12 микрорайоне города Актау, в «Площадь Государственных церемоний»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата города Актау от 14 августа 2009 года № 928 и решение Актауского городского маслихата от 14 августа 2009 года № 22/209 «О наименовании территории под условным названием «Фонтан», расположенной в 12 микрорайоне города Актау, в «Площадь Государственных церемоний»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 және Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 «Ақтау қаласының 12 шағын ауданындағы шартты атауы «Фонтан» аталатын аумақты «Мемлекеттік рәсімдер алаңы»деп атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/85
- Қабылданған күні
- 16.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2017 111654_178606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MA003346
- ЭКБ идентификаторы
- 111654
- Редакция идентификаторы
- 111654_178606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:43
0 Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы
14 тамыздағы № 928 және Ақтау
қалалық мәслихатының 2009 жылғы
14 тамыздағы № 22/209 «Ақтау
қаласының 12 шағын ауданындағы
шартты атауы «Фонтан» аталатын
аумақты «Мемлекеттік рәсімдер алаңы»
деп атау туралы» бірлескен қаулысы мен
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы №928 және Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы №22/209 «Ақтау қаласының 12 шағын ауданындағы шартты атауы «Фонтан» аталатын аумақты «Мемлекеттік рәсімдер алаңы» деп атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-113 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 тамыздағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы
«Фонтан» аталатын аумақты «Мемлекеттік рәсімдер алаңы» деп атау туралы»;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы «Фонтан» аталатын аумақты «Мемлекеттік рәсімдер алаңы» деп атау туралы ұсынысын қарап және Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2
2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы бірлескен қаулы мен шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.