Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Таразского городского маслихата от 14 мая 2010 года № 29-5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"

Ереже · № 43-6 · қабылданған 12.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2010-no-29-5/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Таразского городского маслихата от 14 мая 2010 года № 29-5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз" Күшін жойған Ереже ·№ 43-6 ·12.10.2011
28.08.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Таразского городского маслихата от 14 мая 2010 года № 29-5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"

Күшін жойған Ереже ·№ 43-6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Таразского городского маслихата от 14 мая 2010 года № 29-5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"
Атауы (қаз.)
"Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43-6
Қабылданған күні
12.10.2011
Қолданысқа енгізілген күні
20.11.2011
Көрсетілген редакция
28.08.2014 61119_171760.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11GA000136
ЭКБ идентификаторы
61119
Редакция идентификаторы
61119_171760
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:28

0 "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-106 болып тіркелген, 2010 жылдың 23 маусымында № 25 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiнің:
3 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Тараз қаласында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сай, бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін жұмсалатын коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.»;
4 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
6 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.»;
9 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды. Жеке тұтыну есептеуіші бойынша пайдаланған коммуналдық қызметтердің нақты сомасы қызметтің сол түрі бойынша бекітілген нормадан аспауы қажет.»;
11 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Отбасының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шектi ұйғарынды шығындардың үлесi өзгерген кезде уәкiлеттi орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiн қайта санауды жүргiзедi.»;
15 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет көрсетушiлердiң (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын абоненттердiң жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.»;
10 тармағы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының коммуналдық шаруашылық, көркейту, тұрғындарға қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына (К.Ш.Болысбаев) жүктелсін.

3 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі.

Қолданыстағы