О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 303 "О Республиканской карте индустриализации на 2010 - 2014 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 303 "О Республиканской карте индустриализации на 2010 - 2014 годы"
- Атауы (қаз.)
- "2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 685
- Қабылданған күні
- 04.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2013 AI73288_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000685
- ЭКБ идентификаторы
- 73288
- Редакция идентификаторы
- AI73288_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:48
0 "2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. «2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – жобалық офис) есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы мынадай мазмұндағы реттiк нөмірлері 38-1, 38-2, 38-3, 38-4, 38-5-жолдармен толықтырылсын:
«
38-1.
Каустикалық сода, үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)
Жамбыл облысы
«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС
2013 – 2015 ж.ж.
2 550
38-2.
Көмір химиясы өнімдерін өндіретін зауыт және көмір шығаратын разрез құрылысы
ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды облысы
«АРБАТ» БК» ЖШС
2013 – 2019 ж.ж.
300
38-3.
Nomad модельіндегі Ssang Yong маркалы автомобилдерін CKD әдісімен (ұсақ тораптық) жинақтау өндірісін құру
ИЖТМ, Қостанай облысының әкімі
Қостанай облысы
«Сарыарқа АвтоПром» ЖШС
2012 – 2014 ж.ж.
1 640,4
38-4.
Қызылорда қаласында табақ шыны өндіретін зауыт салу
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)
Қызылорда облысы
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС
2013 – 2015 ж.ж.
1 063
38-5.
Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ желісінің құрылысы
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)
Өңiраралық жоба
«KEGOC» АҚ
2011 – 2017 ж.ж.
282,73
»;
реттiк нөмірлері 55, 56 және 57-жолдар алынып тасталсын.