Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 570 "Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира"

Қаулы · № 1088 · қабылданған 23.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2010-no-570/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 570 "Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира" Күшін жойған Қаулы ·№ 1088 ·23.09.2011
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 570 "Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1088 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 570 "Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира"
Атауы (қаз.)
"Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1088
Қабылданған күні
23.09.2011
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI60588_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001088
ЭКБ идентификаторы
60588
Редакция идентификаторы
AI60588_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:35

0 "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларында:
15, 16, 17, 18, 19 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері алдыңғы жылдың 31 желтоқсанына дейін Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне не жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
16. Өтінімде:
1) балық шаруашылығы субъектісінің атауы;
2) Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың жасалған күні мен нөмірін көрсете отырып, бекітілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы;
3) ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі (теңге);
4) аулау және көлік флотының болуы (бірлікпен);
5) аулау құралдарының, оның ішінде жылымның, тордың, қабадандардың, шаян аулағыштардың, омыртқасыздарды жинау құралдарының және Балық аулау қағидасына сәйкес келетін басқа да аулау құралдарының болуы;
6) бұдан бұрын бөлінген квотаның ағымдағы жылы нақты игерілуі (тоннамен);
7) балықшылардың саны (адам) көрсетіледі.
17. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар өтінімге қоса беріледі:
1) аулау құралдарының болуы және балықшылар саны туралы анықтама;
2) өтінім берілген күнінен бұрын екі ай ішінде алынған аумақтық көліктік бақылау органының аулау және көлік флотын тіркеу туралы анықтамасы;
3) Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің ағымдағы жылы бөлінген квотаны игеру, ағымдағы жылы балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы бұзу саны (болған жағдайда), ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі туралы анықтамасы (мың теңгемен).
18. Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері не жергілікті атқарушы органдар балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жануарлар дүниесін алып қоюға арналған лимиттерге сәйкес кәсіпшілік учаскелеріне бөлінбеген су айдындарына бөледі.
19. Әр түрлі балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген екі және одан да көп балық шаруашылығы учаскелеріне бөлінген балық шаруашылығы су айдындарына квоталарды бөлу балық шаруашылығы субъектісін рейтингтік бағалау негізінде белгіленген лимиттің түрлік құрамына пайыздық қатынаста жүзеге асырылады.
Су айдынында ғылыми ұйымдардың ұсынымдары бойынша айқындалған балық өсірілетін аудандар (биотоптар) болған жағдайда, квотаны бөлу балық өсірілетін аудандарды (битоптарды) ескере отырып жүргізіледі.»;
«21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алған балық шаруашылығы субъектілері ай сайын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне оның пайдаланылуы туралы есеп береді.»;
23-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ең нашар көрсеткіші бар қатысушыға ең төменгі баға (минус 10 балл) қойылатын Рейтингтік бағалауды есептеу парағының 7-жолын қоспағанда, ең көп (ең үздік) көрсеткіші бар балық шаруашылығы субъектісіне тиісті тармақ бойынша 20 баллдық жүйемен ең жоғарғы баға қойылады;
4) балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы (бұдан әрі – Р) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген Рейтингтік бағалауды есептеу парағының (бұдан әрі – Есептеу парағы) 3-бағанының көрсеткішін (ең жоғарғы бағалау көрсеткіші) Есептеу парағының 5-бағанына (20 баллдық жүйедегі баға) көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады.»;
көрсетілген қаулының 2 және 4-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға өтінім

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1088 қаулысына
1-қосымша
Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға өтінім

1 1. Балық шаруашылығы субъектісінің атауы_________________

2 2. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы _______________________________________

_________аумақтық бөлімшесімен жасалған Балық шаруашылығын
жүргізуге арналған______ жылғы «___» ________ № ____ шарт

3 3. Ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі, (мың/теңгемен)_______________________

4 4. Аулау және көлік флотының болуы, соның ішінде:

1 1) қуаты 40 а/к және одан жоғары балық аулау кемелері (бірлік)

______________________________________________________________

2 2) моторлы қайықтар (бірлік)__________________________________

3 3) көлік кемелері (бірлік) ___________________________________

5 5. Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау құралдары:

1 1) жылымдар (дана) ___________________________________________

2 2) торлар, қабадандар (дана) _________________________________

3 3) басқа да аулау құралдары (дана) ___________________________

6 6. Ағымдағы жылы бөлінген квотаның нақты игерілуі (тн)____________

7 7. Балықшылардың саны (адам) _________________________________

Берілген күні
МО
Балық шаруашылығы субъектісі
басшысының Т.А.Ә.___________________ Қолы_______________

17 Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1088 қаулысына
2-қосымша
Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
4-қосымша
Рейтингтік бағалауды есептеу парағы
Балық шаруашылығы субъектісі _____________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі_______________
Р/с

Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Ең жо­ғар­ғы ба­ға­лау көр­сет­кі­ші пай­ы­з­бен
Өті­нім­дер­ге сәй­кес көр­сет­кіш­тер са­ны
20 балл­дық жүйе бой­ын­ша ба­ға­лау
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің рей­тинг­тік ко­эф­фи­ци­ен­ті
1
2
3
4
5
6
1.
Ағым­да­ғы жы­лы ба­лық ре­сур­ста­ры­ның және бас­қа су жа­ну­ар­ла­ры­ның өсі­мін мо­лай­ту­ға жі­бе­рі­л­ген қар­жы қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі (мың тең­ге­мен)
20
2.
Аулау және кө­лік фло­ты­ның бо­луы, бір­лік, со­ның ішін­де
20
1) қу­а­ты 40 а/к және одан жо­ға­ры ба­лық аулау ке­ме­ле­рі (бір­лік)
10
2) мо­тор­лы қай­ық­тар
5
3) кө­лік ке­ме­ле­рі
5
3.
Ба­лық аулау және (неме­се) су омырт­қа­сыз жа­ну­ар­ла­рын жи­нау құ­рал­да­ры­ның бо­луы, бір­лік со­ның ішін­де
20
1) жы­лым­дар
10
2) тор­лар мен қа­ба­дан­дар
5
3) тор­лар, ша­ян аула­ғы­штар, омырт­қа­сыздар­ды жи­нау құ­рал­да­ры, да­на (ша­ян­дар­ды және бас­қа су омырт­қа­сызда­рын алып қою кво­та­ны бө­лу ке­зін­де тол­ты­ры­ла­ды)
5
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­рын бұ­зу са­ны (фак­ті­ле­рі)
20
5.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы ба­лық ре­сур­ста­рын және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын аула­у­ға бө­лін­ген кво­та­лар­дың иге­рі­луі (тон­на)
10
6.
Ба­лық­шы­лар­дың бо­луы (адам)
10
Жиы­ны
100
Балық, шаян және су омыртқасыздарын алып қою квоталарын болу үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы бөлек толтырылады.

Қолданыстағы