О внесении изменения в решение маслихата от 14 июня 2011 года № 344 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Карасуского района на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 14 июня 2011 года № 344 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Карасуского района на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2011 жылғы 14 маусымдағы № 344 "Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 386
- Қабылданған күні
- 29.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2014 AI60813_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NM000134
- ЭКБ идентификаторы
- 60813
- Редакция идентификаторы
- AI60813_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:33
0 Мәслихаттың 2011 жылғы 14 маусымдағы № 344 "Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. "Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 14 маусымдағы № 344 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-13-131 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 6 шілдедегі "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын".
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы:
__________________ Е. Балжақаев
"Қарасу ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығының
міндетін атқарушысы:
_________________ Е. Биркель
"Қарасу ауданы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы:
______________ И. Горлова