О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Алматы от 14 ноября 2011 года № 4/975 «Об утверждении Правил организации платных автостоянок (автопарковок) города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Алматы от 14 ноября 2011 года № 4/975 «Об утверждении Правил организации платных автостоянок (автопарковок) города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1/98
- Қабылданған күні
- 19.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2024 193626_685234.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24R0001753
- ЭКБ идентификаторы
- 193626
- Редакция идентификаторы
- 193626_685234
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:08
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 906 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережесі:
келесі мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Коммуналдық ақылы автотұрақтың (автотұрақ) көк түсті жол белгілері бар.»;
11 тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын:
«Коммуналдық ақылы автотұрақтың (автомобиль қоятын орын) көк түсті жол белгілері бар.»;
12 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12. Көшедегі оқшауланған белдеулер шегінде автомобиль жолдарының (көшелер) бойына орналастырылатын тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) көлік құралдарының тұрақтау уақытын есептеуге арналған автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен (мобильді кешендер, фото, бейнетіркеу және тұрақтау уақытын есепке алу) жабдықталады.»;
келесі мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Автомобиль жолына іргелес жатқан ашық (сыртқы қоршауларсыз) немесе жабық (сыртқы қоршаулармен) жер учаскелерінде орналастырылатын алаңдық үлгідегі коммуналдық ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар, паркингтер):
1) автоматты режимде жұмыс істейтін, көлік құралдарының тұрақ уақытын есепке алуға арналған сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен (мобильді немесе стационарлық кешендер, фото, бейне тіркеу және тұрақ уақытын есепке алу);
2) бос орындар санын көрсететін электрондық құрылғылармен жабдықталады.».