О внесении изменений в решении акима Кумтогайского сельского округа от 14 июля 2011 года № 7 "О наименовании улиц сел Кумтогай, Карасай, Каракудык Кумтогайского сельского округа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решении акима Кумтогайского сельского округа от 14 июля 2011 года № 7 "О наименовании улиц сел Кумтогай, Карасай, Каракудык Кумтогайского сельского округа"
- Атауы (қаз.)
- "Құмтоғай селолық округі Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық селоларының көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 14 шілдедегі № 7 Құмтоғай селолық округі әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2015 89500_11260.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CEB04320
- ЭКБ идентификаторы
- 89500
- Редакция идентификаторы
- 89500_11260
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:48
0 «Құмтоғай селолық округі Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық селоларының көшелеріне атау беру туралы» 2011 жылғы 14 шілдедегі № 7 Құмтоғай селолық округі әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Құмтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Құмтоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 7 «Құмтоғай селолық округі Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық селоларының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-137 тіркелген, 2011 жылғы 23 тамыздағы аудандық «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «селосының», «селолық», «селоларының» сөздері тиісінше «ауылының», «ауылдық», «ауылдарының» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.