Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2012 года № 1602 «Об утверждении Правил формирования и предоставления специальными государственными органами Республики Казахстан служебных жилищ»

Қаулы · № 153 · қабылданған 03.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2012-no-1602/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2012 года № 1602 «Об утверждении Правил формирования и предоставления специальными государственными органами Республики Казахстан служебных жилищ» Күшін жойған 11.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2012 года № 1602 «Об утверждении Правил формирования и предоставления специальными государственными органами Республики Казахстан служебных жилищ»

Күшін жойған Қаулы № 153 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2012 года № 1602 «Об утверждении Правил формирования и предоставления специальными государственными органами Республики Казахстан служебных жилищ»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
03.04.2018
Көрсетілген редакция
11.06.2026 120018_825295.kaz
Соңғы өзгеріс
11.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000153
ЭКБ идентификаторы
120018
Редакция идентификаторы
120018_825295
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

14 желтоқсандағы № 1602 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 68-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

0 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларды қалыптастыру және беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 153 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1602 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларды қалыптастыру және беру
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларды қалыптастыру және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын (бұдан әрі – АрМО) жедел басқару құқығындағы меншік құқығы мемлекетке тиесілі тұрғынжайларға, сондай-ақ жұмыскерлерге, оның ішінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 40) тармақшасында көзделген мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерінің шеңберінде қабылданған жұмыскерлерге қолданылады.

3. АрМО-ның қызметтік тұрғынжайы АрМО тұрғынжай қорынан берілетін және АрМО-ның қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің олардың қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде тұруына арналған, ерекше құқықтық режимдегі тұрғынжай болып табылады.

4. Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. АрМО-ның қызметтік тұрғынжайларды қалыптастыруы

5. АрМО-ның қызметтік тұрғынжайларды қалыптастыруы АрМО-ның жедел басқару құқығындағы тұрғынжайлар есебінен жүзеге асырылады.

6. АрМО-ның қызметтік тұрғынжайлары жатақханалардағы бөлмелерден, пәтерлерден, жеке тұрғын үйлерден және әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан тұрғынжайлардан тұрады.

7. Қызметтік тұрғынжайларды есепке алуды АрМО мекемесінің жауапты құрылымдық бөлімшелері жүргізеді. Тұрғынжайға мұқтаж АрМО қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін және олардың отбасы мүшелерін есепке алуды қызметтік тұрғынжайларды есепке алу жөніндегі функциялар жүктелген АрМО мекемесінің жауапты құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

3-тарау. Қызметтік тұрғынжайларды беру тәртібі

8. АрМО қызметкерлеріне, әскери қызметшілері мен жұмыскерлеріне олардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде АрМО мекемесінің тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша қызметтік тұрғынжай беріледі.

9. Осы елді мекенде ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорының жатақханаларындағы қызметтік тұрғынжайлар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларында тұрған адамдарға қызмет өткеру кезеңіне беріледі.

10. АрМО қызметтік тұрғынжайлары АрМО қызметкерлеріне, әскери қызметшілері мен жұмыскерлеріне Заңда белгіленген нормаларға сәйкес беріледі.

11. Есепте тұрған АрМО қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлеріне қызметтік тұрғынжайлар, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттармен бірге баянат (өтініш) тіркелген күні бойынша кезек тәртібімен беріледі.

12. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұру үшін АрМО-ның қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері АрМО-ның тұрғын үй комиссиясына:

1) АрМО мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы баянат (өтініш);

2) АрМО-ның қызметкері, әскери қызметшісі, жұмыскері және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің, балаларының туу туралы куәліктерінің, отбасы болған жағдайда неке қию (некені бұзу) куәліктерінің көшірмелері;

3) баянатты (өтінішті) тіркеу күніне дейін күнтізбелік он күн ішінде АрМО кадрлар бөлімшесінен алынған отбасы құрамы туралы мәліметтері көрсетілген анықтама;

4) баянатты (өтінішті) тіркеу күніне дейін күнтізбелік он күн ішінде әділет органдарынан отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша) анықтама;

5) баянатты (өтінішті) тіркеу күніне дейін күнтізбелік он күн ішінде отбасының құрамы бойынша жергілікті атқарушы органнан коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

6) баянатты (өтінішті) тіркеу күніне дейін бір ай ішінде, егер жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болса, жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғаны немесе алмағаны туралы мәліметтер бар анықтама ұсынады.

Қажет болған жағдайда өтініш беруші қосымша мемлекеттік медициналық ұйымнан:
қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен сырқаттанатын отбасы мүшелерінің;
отбасында жиырма екі аптадан артық жүктілігі бар әйелдің болуы туралы деректер бар анықтама ұсынады.

13. Баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде АрМО мекемесінің тұрғын үй комиссиясы ұсынған құжаттардың осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес болмаған кезде жауапты бөлімше үш жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге пысықтау үшін қайтарады. Өтініш беруші он жұмыс күні ішінде АрМО мекемесінің тұрғын үй комиссиясына қайта өтініш береді, бұл ретте баянат (өтініш) бірінші тіркелген күні берілген болып есептеледі.

14. АрМО мекемесінің тұрғын үй комиссиясы:

1) тұрғын үйге мұқтаж АрМО қызметкері мен әскери қызметшісі Заңның 101-3-бабының талаптарына сәйкес болмаса;

2) тұрғын үйге мұқтаж АрМО жұмыскері Заңның 72-бабында белгіленген негіздемесі болып, Заңның 69 және 70-баптарының талаптарына сәйкес болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танудан бас тарту туралы шешім шығарады.

15. АрМО мекемесінің тұрғын үй комиссиясы қызметтік тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған жағдайда күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш беруші және АрМО-ның уәкілетті тұлғасы арасында жалдау шарты жасалады.

16. Тұрғынжайды жалдау шарты екі данада жасалады, тұрғынжайды жалдау шартының бір данасы АрМО-ның уәкілетті бөлімшесінде сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғынжайға орналасуға негіз болатын құжат болып табылады.

17. Әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан немесе жатақханалардағы қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін алатын АрМО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік тұрғынжай берілмейді.

18. Шетелде қызметін өткеруге жіберілген АрМО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тұрғынжайлары, олар шетелде болған уақытында сақталады және олардың есебін АрМО мекемесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.

_______________________