Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 249 "Об утверждении Методики оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения) по управлению бюджетными средствами"

Бұйрық · № 175 · қабылданған 04.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2012-no-249-ekb-72251/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 249 "Об утверждении Методики оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения) по управлению бюджетными средствами" Күшін жойған Бұйрық ·№ 175 ·04.04.2013
21.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 249 "Об утверждении Методики оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения) по управлению бюджетными средствами"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 175 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 249 "Об утверждении Методики оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения) по управлению бюджетными средствами"
Атауы (қаз.)
"Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
175
Қабылданған күні
04.04.2013
Көрсетілген редакция
21.05.2014 AI72251_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008432
ЭКБ идентификаторы
72251
Редакция идентификаторы
AI72251_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:20

0

"Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде № 7718 тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 27.08.2012 ж. № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдiстемесiнде:

5 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу үшiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бағаланатын кезеңге мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулылары негізінде бақылау нәтижелерi туралы ақпаратты бюджеттi атқару жөнiндегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне бередi.»;
10-тармақта:

2 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийi бойынша:

тексеру жүргiзiлген (мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен басқа) мемлекеттiк қаржылық бақылау органы;
есептi кезеңдегi тексерулер саны;
бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
есептi кезеңдегi анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
мемлекеттiң бюджет қаражаты мен активтерiн пайдалану кезiнде;
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктi жүргізу кезiнде;
бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдердің белгiленген мерзімдерінің, орындалу тәртібінің сақталмауы.
Одан әрi есептi кезеңдегi бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.
Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.
Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады;

3 3) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийi бойынша мыналар көрсетiледi:

мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi;
қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдары мен қаулыларының жалпы санына қарағанда толық және белгiленген мерзiмде орындалған мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларының саны көрсетiледi;

4 4) «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi бойынша:

iшкi бақылау қызметiнің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту;
iшкi бақылау қызметтерiнің жұмысында басқару тәуекелдері жүйесін қолдану;
iшкi бақылау қызметін тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау;
мемлекеттiк органның бюджет қаражатының жалпы көлемiнен ІБҚ бақылауымен қамтылған бюджет қаражатының үлесі;
iшкi бақылау қызметінің мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін қорытындылары көрсетіледі.»;

6 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

6 «6) «Бюджеттi атқару жөнiндегi ұйымдастыру шаралары» критерийi бойынша:

мемлекеттiк сатып алу жылдық жоспары тармақтарының жалпы санына қарағанда мемлекеттiк сатып алу жоспарының орындалған тармақтары санының үлесi;
мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарының жалпы көлемiне қарағанда мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарының орындалған тармақтарының бюджеттiк қаражаты көлемiнiң үлесi;
бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы немесе болуы және бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту себептерi;
объектiлердi белгiленген мерзiмде беру (iске қосу) есептi кезеңде пайдалануға беру жоспарланған объектiлердiң саны және беру (iске қосу) көзделген бюджеттiк бағдарламалардың саны көрсетiледi. Уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлер бойынша объектiлердiң жалпы санына қарағанда уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлердiң үлесi келтiрiледi, сондай-ақ пайдалануға берудiң кешiгу себептерi көрсетiледi;»;

13 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

13

«13. Облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының дамуға арналған бюджеттік бағдарламаларының тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызы тиiстi қаржы жылына арналып бөлiнген бюджет қаражатының игерiлуi деп түсiндiрiледi.
Осы критерий бойынша бағалау жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламаны бөлуге әкімшілік ететін мемлекеттік органының қаржыландырудың жиынтық жоспарынан бөлінетін бюджеттік бағдарламаның бөлінбеген сомасы бір жылға алынып тастайды.»;

5 5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

5 «5. «Iшкi бақылау қызметтерi енгiзген ұсынымдары мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийi бойынша бағалау

19 19. «Бюджет қаражатының жалпы көлемiне iшкi бақылау қызметтерiмен тексерiлген бюджет қаражатының көлемi» критерийi бойынша бағалау:

мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемiн;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемiн;
қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдары мен қаулыларының жалпы санына қарағанда толық және белгiленген мерзiмде орындалған мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларының саны көрсетiледi.

20 20. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулылары ақпарат көзi болып табылады.

21 21. Баға Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.»;

6 6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

6 «6. «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi бойынша бағалау

22 22. «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi бойынша бағалау Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетiлген мәндерге сәйкес көрсеткіштерді анықтау жолымен қойылады.

23

23. «Ішкi бақылау қызметінің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту» көрсеткіші есепті кезеңде бағалау жүргізіліп отырған мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметінің бақылау іс-шаралар жоспарымен көзделген тиісті іс-шаралармен iшкi бақылау қызметінің негізгі функцияларын қамту дәрежесін сипаттайды.

23-1 23-1. Осы критерий шеңберінде:

мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуіне бағалау;
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын мемлекеттік органның сақтауына тексеру;
мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуына бақылау, нәтижелерін бағалау;
мемлекеттік органның есепке алуды және есептілікті дәйекті және дұрыс жүргізуіне бақылау;
бақылау объектілеріне жіберілетін ұсыныстар мен бақылау нәтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау бағалауға жататын ішкi бақылау қызметінің негізгі функциялары болып табылады.

23-2 23-2. Көрсеткішті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

мұнда:
A – iшкi бақылау қызметiнің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту;
Zb – әрбір бағаланатын функцияның іс-шаралармен қамтылу коэффициенті (b);
E – iшкi бақылау қызметiнің бағаланатын функцияларының жалпы саны.
Бұл ретте Zb = 1, егер жоспармен көзделген іс-шаралар бағаланатын функцияға толығымен сәйкес келсе (b); Zb = 0,5, егер жоспармен көзделген іс-шаралар бағаланатын функцияға ішінара сәйкес келсе және Zb = 0, егер есепті кезеңде iшкi бақылау қызметі бағаланатын функцияға сәйкес бір де бір іс-шара жоспарламаса.

24 24. «Ішкi бақылау қызметінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану» көрсеткіші тәуекелдер негізінде әзірленген ішкі бақылау қызметінің іс-шараларының болуын анықтайды.

Көрсеткіш есебі бағаланатын мемлекеттік органның тәуекелдерді ескере отырып әзірленген іс-шараларының болуы/болмауы мәніне есепті кезеңде бақылау іс-шараларының жоспарын талдау жолымен жүзеге асырылады.

24-1

24-1. «Ішкi бақылау қызметіне тексеру жүргізу нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау» көрсеткіші орындалуы есепті кезеңде көзделген ұсынымдардың жалпы санына ішкi бақылау қызметтерінің тексерулерінің нәтижелері бойынша мемлекеттік органның басшысы қабылдаған мемлекеттік органның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының белгіленген мерзімде және толығымен орындаған ұсынымдары санының ара қатынасы ретінде есептеледі.

24-2

24-2. «Мемлекеттік органның бюджет қаражатының жалпы көлемінен ішкі бақылау қызметінің бақылауымен қамтылған бюджет қаражатының үлесі» көрсеткіші есепті кезеңде ішкi бақылау қызметтерінің тексерулерімен қамтылған бюджет қаражаты көлемінің облыстық бюджеттік бағдарламалардың/республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшісінің/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның дамуға арналған бюджеттік бағдарламасының тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

24-3

24-3. «Ішкі бақылау қызметі қорытындыларының мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің стандарттарына сәйкес келмейтін үлес» көрсеткіші есепті кезеңде жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша ішкі қызметпен жасалған қорытындылардың жалпы санына мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттарына сәйкес келмейтін ішкі бақылау қызметі қорытындыларының саны ретінде есептеледі.

24-4 24-4. Есепті кезеңде бағаланатын мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шараларының жоспары, ішкі бақылау қорытындылары бойынша қорытындылар, ішкі бақылау нәтижелері туралы есептер ақпарат көздері болып табылады.»;

27 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

27

«27. Облыстың бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихаттың шешiмi, жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары, жергiлiктi бюджеттердi орындау туралы талдамалы есеп, жылдың қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуы туралы есеп ақпарат көзi болып табылады.»;

31 31-тармақ алынып тасталсын;

43 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

43

«43. Республикалық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімі мен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары, оларды іске асыру есептері, аудан (облыстық маңызы бар қала) аймағының даму бағдарламасы және оның іске асырылуы туралы есеп ақпарат көздері болып табылады.»;

12 12-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

12 «12. «Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі» критерийі бойынша бағалау

48 48. «Бюджеттiк бағдарламаларды орындаудың тиiмдiлiгi» критерийi бойынша бағалау бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызын тиiстi қаржылық жылға бөлiнген қаражатты iс жүзiнде игерiлуiнiң пайызына бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгi былай анықталады:
Эф б/б = % ПР / % OC х 100%
мұнда, Эф б/б – бюджеттiк бағдарламаны орындау тиiмдiлiгi;
% ПР – тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызы;
% OC – бюджет қаражатын игеру пайызы.
Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгiн бағалау Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетiлген мәндерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижесiне 90,1%-дан кем қол жеткiзiлген болса, онда бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгi «0 пайызға» тең болады.
Жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша барлық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiктiң орташа баллы әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша баллдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламаның жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.
Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы критерий бойынша бағалау жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша бюджеттiк даму бағдарламаларды орындаудың тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiгi критерийiнiң орташа баллы түрiнде айқындалады.

49

49. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімі, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары, аудан (облыстық маңызы бар қала) аймағының даму бағдарламасы және оның іске асырылуы туралы есеп ақпарат көзі болып табылады.»;

15 15-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

15 "15. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау

54 54. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау барлық критерийлер бойынша баллдарды қосумен және алынған мәнді түзету коэффициентіне көбейтумен айқындалады.

Қорытынды бағана есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда,
Q – бағаланатын мемлекеттік органды бағалаудың қорытындысы;
T – барлық критерийлер бойынша алынған баллдардың қосындысы;
P – түзету коэффициенті.

54-1 54-1. Алынған тиімділіктің қорытынды бағасының мәні 100-ден артық болған жағдайда қорытынды баға 100 баллға тең болып алынады.

54-2 54-2. Түзету коэффициенті – басқа бағаланатын жергілікті атқарушы органдармен салыстырғанда бюджет қаражатын басқару бойынша артық жүктемесі бар жергілікті атқарушы органның қорытынды бағасын түзету мақсатында есептелетін көрсеткіш.

54-3 54-3. Түзету коэффициенті «жүктеме индексі» көрсеткішімен өлшенетін, бағаланатын жергілікті атқарушы органның жүктемелік деңгейінің негізінде айқындалады.

54-4

54-4. Жүктеме индексі орта деңгейден артық мемлекеттік органдар үшін түзету коэффициенті 1,01-ден 1,10-ға дейінгі интервалындағы (қалыпты қадаммен) мәнді қабылдайды - осы жергілікті атқарушы органдардың арасында аз жүктелгендерден көбіне қарай тең бөлінеді. Жүктемесі ең көп жергілікті атқарушы органға қолданылатын түзету коэффициентінің барынша көп мәні 1,10 құрайды.

54-5 54-5. Жүктеме индексі орта деңгейден төмен жергілікті атқарушы органдар үшін түзету коэффициенті 1 тең болып қабылданады.

54-6 54-6. Жүктеменің орташа деңгейі жергілікті атқарушы органдар үшін жеке айқындалады және бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың жүктеме индексінің орташа арифметикалық ретінде есептеледі.

54-7 54-7. Түзету коэффициентін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бағаланатын мемлекеттік орган үшін жеке есептейді. Мемлекеттік органдардың түзету коэффициенттерінің барынша көп және барынша аз мәндерін айқындау жергілікті атқарушы органдар үшін жеке жүргізіледі.

54-8 54-8. Жүктеме индексі – бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органға арналған жүктеменің деңгейін айқындайтын құрамдас көрсеткіш.

Жүктеме индексі мынандай көрсеткіштердің негізінде есептеледі:
Мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының көлемі (есепті кезеңдегі түзетілген бюджет) мың теңге;
Бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бағаланатын бюджеттік бағдарламаларының саны, бірлік.

54-9 54-9. Жүктеме индексін есептеу осы Әдістеменің 54-9-тармағында көрсетілген сызықтық масштабтау әдісімен салыстырмалы түрге келтірілген көрсеткіштерді қайта көбейту жолымен жүзеге асырылады.

54-10 54-10. Жеке мемлекеттік орган үшін жүктеме индексін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

мұнда,
Si– жеке мемлекеттік органның жүктеме индексі (i);
bi– салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i);
ci– салыстырмалы түрге келтірілген, бағаланатын мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары санының көрсеткіші (i).

54-11 54-11. Салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткішін есептеу мына формула бойынша есептеледі:

мұнда,
Ri-мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i);
Rmin- бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең аз мәні;
Rmaх-бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең көп мәні.

54-12 54-12. Салыстырмалы түрге келтірілген, бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бағаланатын бюджеттік бағдарламалар санының көрсеткішін есептеу мына формула бойынша есептеледі:

мұнда,
Ki - бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар санының көрсеткіші (i);
Kmin - бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар саны көрсеткішінің ең аз мәні;
Kmaх - бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар саны көрсеткішінің ең көп мәні.»;

17 17-бөлім алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 18, 19 және 20-бөлімдермен толықтырылсын:

18 «18. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік органдарды бағалау жүргізу тәртібі

63

63. Бағаланатын мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында осы органды бағалау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және мемлекеттік орган – құқық мирасқорын бағалаудың қорытынды баллын есептеу кезінде ескеріледі.

64 64. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда осы органды бағалау жүзеге асырылмайды.

65

65. Бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде ескеріледі, ұсынымдар ретінде пайдаланылады және мемлекеттік органның - құқық мирасқорының қорытынды балына енгізілмейді.

19 19. Бағалау нәтижелерін қайта шағымдану рәсімі

66 66. Бағалау нәтижелерін алған күннен бастап бағаланатын орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға растайтын құжаттармен наразылық жіберуге құқылы.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтары қабылданбайды.

67 67. Бағалау нәтижелеріне наразылық болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарлама ұсынады.

68

68. Қайта шағымдану рәсімін жүргізу үшін ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда Арнайы комиссия құрылады, оның құрамына наразылықтарын ұсынған мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіруі мүмкін. Арнайы комиссияның саны мен құрамын ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес айқындайды, бірақ бес адамнан кем болмауы тиіс.

69

69. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Әдістеменің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджет қаражатын басқару қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушілік кестесін (бұдан әрі - Келіспеушілік кестесі) қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.

70 70. Арнайы комиссия наразылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін айқындау бойынша отырыстар өткізеді, оған наразылық берген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.

71 71. Арнайы комиссия отырыстарының және наразылықтарды қарау қорытындысы туралы алқа шешімінің қабылдануы нәтижелері бойынша Келіспеушілік кестесі пысықталады және Арнайы комиссияның төрағасы және бағаланатын мемлекеттік органның өкілі қол қояды.

72

72. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Арнайы комиссияның қайта тексеруінің нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Сарапшылық комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға наразылықты қабылдайтыны не қабылдамайтыны туралы негізделген қорытындыны жібереді. Наразылықтар қабылданған жағдайда сонымен бірге бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы түзетілген қорытынды жіберіледі.

20 20. Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпарат ұсынуы

73 73. Бағаланатын мемлекеттік орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға Әдістеменің 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес толық және дәйекті ақпаратты Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.

74 74. Уақтылы емес, толық емес және дәйексіз есептік ақпарат ұсынылған жағдайда мемлекеттік органның қорытынды бағасынан осы бағыт бойынша айыппұл баллдары шегеріледі.

75 75. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Бағалау жүргізу кестесінде көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.

Мемлекеттік органның уақытылы емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.

76 76. Есепті ақпараттың құрылымына белгіленген талаптарда көзделген элементтері (қосымшалар, бөлімдер, тараулар, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.) жоқ есепті ақпарат Әдістемеге қосымшаларға сәйкес толық емес деп танылады.

Мемлекеттік органның толық емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллын шегеру көзделген.

77 77. Қайта тексеру барысында дұрысқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған есепті ақпарат дәйексіз деп танылады.

Мемлекеттік органның дәйексіз есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.

78 78. Уақтылы емес, толық емес, дұрысқа сәйкес келмейтін ақпараттардың фактілері бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындысы бойынша жасалатын Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.

79 79. Анықталған фактілер бойынша ақпарат Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының «Қорытындылар мен ұсынымдар» бөлімінде көрсетіледі.»;

1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымшада:
3 және 4-критерийлер мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­рын орын­дау бой­ын­ша қа­был­дан­ған (іс­ке асы­ры­л­ған) ша­ра­лар
4.
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның іш­кі ба­қы­лау қыз­ме­ті­нің қыз­ме­ті
»;
6 «Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары» критерийі бойынша:
«Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қажет мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін нормативтік және/немесе құқықтық актілерді уақытылы қабылдау» деген жол алынып тасталсын;
«Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері бойынша талдау» бөлімінде 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. «Енгізілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларын орындау бойынша қабылданған (іске асырылған) шаралар» деген критерий бойынша»;

4 4. «Мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің қызметі» деген критерий бойынша»;

7-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 8 және  9-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Бюджеттiк рәсiмдер әдiснамасы департаментi (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3 Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқаруының тиімділігін бағалау жөніндегі есеп

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі                                   Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына
1-қосымша
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің
тиімділігін бағалау әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқаруының тиімділігін бағалау жөніндегі есеп
____________________________________________________________________ (облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының атауы)
р/с

Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Нақ­ты орын­да­луы
1
2
3
1.
«Ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бө­лін­ген қа­ра­жат­ты иге­ру» кри­те­рийі
2.
«Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бюд­жет­тік және өзге заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы» кри­те­рийі
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
Есеп­ті ке­зең­де қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
Ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­мі­нен бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
3.
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ен­гiз­ген ұсы­ным­дар мен қа­улы­лар­ды орын­дау бой­ын­ша қа­был­дан­ған (iс­ке асы­ры­л­ған) ша­ра­лар» кри­те­рийi
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­на сәй­кес бюд­жет­ке қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi;
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның ен­гіз­ген ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­на сәй­кес бюд­жет­ке қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның жал­пы кө­ле­міне бел­гi­лен­ген мерзiм­де бюд­жет­ке қай­та­ры­л­ған бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi;
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гіз­ген ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­на сәй­кес жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер көр­се­ту, та­у­ар­лар жет­кi­зу және/неме­се есеп­ке алу­да көр­се­ту жо­лы­мен қал­пы­на кел­тiру­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы;
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­на сәй­кес жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер көр­се­ту, та­у­ар­лар жет­кi­зу және/неме­се есеп­ке алу­да көр­се­ту жо­лы­мен бюд­жет­ке қал­пы­на кел­тiру­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на қа­ра­ған­да­ғы бел­гi­лен­ген мерзiм­де қал­пы­на кел­тiрiл­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi;
қай­та­ры­л­ған және қал­пы­на кел­тiрiл­ген со­ма­лар­дың кө­ле­мiн қо­с­па­ған­да, есеп­тi ке­зең­де­гi мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ен­гiз­ген ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на қа­ра­ған­да то­лық және бел­гi­лен­ген мерзiм­де орын­дал­ған мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­ның са­ны көр­сетiледi
4.
«Мем­ле­кет­тiк ор­ган­ның iш­кi ба­қы­лау қыз­метiнiң жұ­мысы» кри­те­рийi
Іш­кi ба­қы­лау қыз­мет­терi­нің функ­ци­я­ла­рын ба­қы­лау іс-ша­ра­лар жос­па­ры­мен қам­ту
Іш­кi ба­қы­лау қыз­мет­терi­нің жұ­мысын­да бас­қа­ру тәу­е­кел­де­рі жүй­е­сін қол­да­ну
Мем­ле­кет­тiк ор­ган­ның бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­мi­нен ІБҚ ба­қы­ла­у­ы­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның үле­сі
Іш­кi ба­қы­лау қыз­ме­тін тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ұсы­ным­дар­ды орын­дау
Іш­кi ба­қы­лау қыз­ме­ті­нің мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тін қо­ры­тын­ды­ла­ры көр­се­ті­ле­ді
5.
«Шы­ғы­стар­дың бе­кі­ті­л­ген кө­ле­міне бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің қай­та бө­лін­ген қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі» кри­те­рийі
Шы­ғы­стар­дың бе­кі­ті­л­ген кө­ле­міне бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің қай­та бө­лін­ген қа­ра­жа­ты­ның үле­сі
6.
«Бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру ша­ра­ла­ры» кри­те­рийі
Мем­ле­кет­тік са­тып алу жыл­дық жос­па­ры тар­мақ­та­ры­ның жал­пы са­ны­на қа­ра­ған­да мем­ле­кет­тік са­тып алу жос­па­ры­ның орын­дал­ған тар­мақ­та­ры­ның са­ны­ның үле­сі
Мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың жыл­дық жос­па­ры­ның жал­пы кө­ле­міне қа­ра­ған­да мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың жыл­дық жос­па­ры­ның орын­дал­ған тар­мақ­та­ры­ның бюд­жет­тік қа­ра­жа­ты кө­ле­мі­нің үле­сі
Уақ­ты­лы
Мер­зі­мін бұ­за оты­рып
Бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту фак­ті­ле­рі­нің бол­мауы
Бол­мауы
Бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың құ­жат­та­ма­сы­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сін­де бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар жо­ба­сы­ның бол­мауы
Объ­ек­ті­лер­ді бел­гі­лен­ген мер­зім­де бе­ру (іс­ке қо­су)
Уақ­ты­лы
Объ­ек­ті­ні тап­сы­ры­луы (ен­гі­зі­луі) көз­дел­ме­ген
Есеп­ті­лік ке­зе­ңін­де пай­да­ла­ну­ға тап­сы­ры­луы жос­пар­ла­нып отыр­ған объ­ек­ті­лер­дің жал­пы са­ны­на қа­ра­ған­да уақ­ты­лы пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зіл­ме­ген объ­ек­ті­лер­дің үле­сі
7.
«Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу» кри­те­рийі
Қол жет­кі­зі­л­ген көр­сет­кіш­тер­дің жос­пар­да­ғы­мен са­лы­сты­ру жо­лы­мен сан­дық көр­сет­кіш­тер­ді орын­дау
8.
«Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­рі­нің сер­пі­ні» кри­те­рийі
Ең көп бал­л­ға қол жет­кі­зу (100%)
Көр­сет­кіш­тер­дің өсу жа­ғы­на
Көр­сет­кіш­тер­дің азаю жа­ғы­на неме­се бір­дей балл­дар алу
9.
«Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың нәти­же­лі­гі­нің көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» кри­те­рийі
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да са­ны жа­ғы­нан өл­ше­не­тін және ба­ға­ла­у­ға жа­та­тын бо­лып та­бы­ла­тын ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бо­луы
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бі­рі­нің бол­мауы не ті­ке­лей нәти­же­ге қол жет­кі­зу­ді ба­ға­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін неме­се түп­кі нәти­же­ле­рі бар ті­ке­лей нәти­же­лер­ді қай­та­лай­тын сан­дық си­па­ты­ның ор­ны­на іс-ша­ра­лар­дың бо­луы
10.
«Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­да­удың ти­ім­ді­лі­гі» кри­те­рийі
Ба­ға­лау бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ге қол жет­кі­зу пай­ы­зын ти­іс­ті қар­жы­лық жы­л­ға бө­лін­ген қа­ра­жат­ты іс жү­зін­де иге­рі­лу­і­нің пай­ы­зы­на бө­лу
11.
«Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бол­мауы» кри­те­рийі
Бол­мауы
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
Ұзақ мер­зім­ді ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің өзге­руі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
12.
«Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бол­мауы» кри­те­рийі
Бол­мауы
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
Ұзақ мер­зім­ді ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің жыл ішін­де­гі өзге­руі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші
басшысы/аудан (облыстық маңызы бар қала)
әкімі не оның міндеттерін орындайтын адам ________   _______________
(қолы)   (таратып жазылуы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына
2-қосымша
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы органдардың,
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергілікті атқарушы органдарының бюджет
қаражатын басқару жөніндегі қызметінің
тиімділігін бағалау әдістемесіне
7-қосымшасы
Критерийлер мен көрсеткіштердің баллдары
р/с №
Кри­те­рий­дің/көр­сет­кіш­тің ата­уы
балл
1
Ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бө­лін­ген қа­ра­жат­ты иге­ру – 12 балл
99,6 – 100%
12
99,1 – 99,5%
10
98,6 – 99,0%
8
98,1 – 98,5%
7
97,6 – 98,0%
6
97,1 – 97,5%
5
96,6 – 97,0%
4
96,1 – 96,5%
3
95,6 – 96,0%
2
95,1 – 95,5%
1
95,0 % және одан кем
0
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бюд­жет­тік және өзге заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы – 7 балл
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
7
Есеп­ті ке­зең­де қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
4
Ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­мі­нен бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
5 %-ға дей­ін
6
5,0 – 9,9 %
5
10,0 – 14,9%
4
15,0 – 19,9%
3
20,0 – 24,9%
2
25,0 – 29,9%
1
30%-дан астам
0
3
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ен­гiз­ген ұсы­ным­дар мен қа­улы­лар­ды орын­дау бой­ын­ша қа­был­дан­ған (iс­ке асы­ры­л­ған) ша­ра­лар – 9 балл
Есеп­тi ке­зең­де тек­се­ру жүр­гi­зіл­ме­уiне бай­ла­ны­сты мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­ның бол­мауы
4
3.1
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген ұсы­ным­дар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес бюд­жет­ке қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на қа­ра­ған­да­ғы бел­гi­лен­ген мерзiм­де бюд­жет­ке қай­та­ры­л­ған бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
3
100% неме­се бюд­жет­ке қай­та­ры­ла­тын со­ма жоқ
3
70,0 – 99,9%
2
35,0 – 69,9%
1
34,9%-ға дей­ін
0
3.2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген ұсы­ным­дар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер көр­се­ту, та­у­ар­лар жет­кi­зу және/неме­се есеп­ке алу­да көр­се­ту жо­лы­мен бюд­жет­ке қал­пы­на кел­тiру­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на қа­ра­ған­да­ғы бел­гi­лен­ген мерзiм­де қал­пы­на кел­тiрiл­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
3
100% неме­се бюд­жет­ке қал­пы­на кел­ті­рі­ле­тін со­ма жоқ
3
70,0 – 99,9%
2
35,0 – 69,9%
1
34,9%-ға дей­ін
0
3.3
Қай­та­ры­л­ған және қал­пы­на кел­тiрiл­ген со­ма­лар­дың кө­ле­мiн қо­с­па­ған­да, есеп­тi ке­зең­де­гi мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ен­гіз­ген ден қою ак­тiлерiнiң жал­пы са­ны­на қа­ра­ған­да то­лық және бел­гі­лен­ген мер­зім­де орын­дал­ған мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның ұсы­ным­да­ры мен қа­улы­ла­ры­ның са­ны
3
100% неме­се бюд­жет­ке ен­гі­зі­л­ген ден қою ак­ті­сі жоқ
3
70,0 – 99,9%
2
35,0 – 69,9%
1
34,9%-ға дей­ін
0
4
Мем­ле­кет­тiк ор­ган­ның iш­кi ба­қы­лау қыз­метiнiң қыз­метi – 8 балл
4.1
Іш­кi ба­қы­лау қыз­ме­ті­нің функ­ци­я­ла­рын ба­қы­лау іс-ша­ра­лар жос­па­ры­мен қам­ту
2
90,0 – 100 %
2
80,0 – 89,9 %
1
70,0 – 79,9 %
0,5
70 %-ға дей­ін
0
4.2
Іш­кi ба­қы­лау қыз­мет­терi­нің жұ­мысын­да бас­қа­ру тәу­е­кел­де­рі жүй­е­сін қол­да­ну
2
Тәу­е­кел­дер негі­зін­де әзір­лен­ген іс-ша­ра­лар­дың бо­луы
2
Тәу­е­кел­дер негі­зін­де әзір­лен­ген іс-ша­ра­лар­дың бол­мауы
0
4.3
Іш­кi ба­қы­лау қыз­ме­тін тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ұсы­ным­дар­ды орын­дау
2
100 %
2
70,0–99,9 %
1
35,0-69,9 %
0,5
34,9 %-ға дей­ін
0
4.4
Мем­ле­кет­тiк ор­ган­ның бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­мi­нен іш­кі ба­қы­лау қыз­ме­ті ба­қы­ла­у­ы­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның үле­сі
1
10%-дан астам
1
7-9,9%
0,5
7%–дан кем
0
4.5
Іш­кі ба­қы­лау қыз­ме­ті қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тін үле­сі
1
5 %–дан кем
1
5-10 %
0,5
10%-дан астам
0
4.6
Аудан­дар­да (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­да) іш­кі ба­қы­лау қыз­ме­ті­мен тек­се­рі­лу­дің жүр­гі­зіл­ме­уі
4
5
Шы­ғы­стар­дың бе­кі­ті­л­ген кө­ле­міне бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің қай­та бө­лін­ген қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі – 4 балл
Шы­ғы­стар­дың бе­кі­ті­л­ген кө­ле­міне бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің қай­та бө­лін­ген қа­ра­жа­ты­ның үле­сі
15%-дан кем
4
15,0 – 16,3%
3
16,4 – 17,7%
2
17,8 – 19,1%
1
19,2%-дан астам
0
6
Бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру ша­ра­ла­ры - 14 балл
6.1
Мем­ле­кет­тiк са­тып алу жыл­дық жос­па­ры тар­мақ­та­ры­ның жал­пы са­ны­на қа­ра­ған­да мем­ле­кет­тiк са­тып алу жос­па­ры­ның орын­дал­ған тар­мақ­та­ры са­ны­ның үлесi
3
95 – 100%
3
90 – 94 %
2
50 – 89%
1
0 - 49%
0
6.2
Мем­ле­кет­тiк са­тып алу­дың жыл­дық жос­па­ры­ның жал­пы кө­ле­мiне қа­ра­ған­да мем­ле­кет­тiк са­тып алу жос­па­ры­ның орын­дал­ған тар­мақ­та­рын­да­ғы бюд­жет қа­ра­жа­ты кө­ле­мiнiң үлесi
3
95 – 100%
3
90 – 94%
2
50 – 89%
1
0 – 49%
0
6.3
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту фак­тiлерiнiң бол­мауы
4
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың құ­жат­та­ма­сы­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту пай­ы­зы
1 - 13%
3
14 - 26%
2
27 - 39%
1
40%-дан астам
0
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­лар әкiм­шiсiн­де бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың бол­мауы
2
6.4
Объ­ек­тiлер­дi бел­гi­лен­ген мерзiм­де тап­сы­ру (iс­ке қо­су)
4
Уақ­ты­лы
4
Объ­ек­ті­ні тап­сы­ру (ен­гі­зу) көз­дел­ме­ген
2
Есеп­тi ке­зең­де пай­да­ла­ну­ға тап­сы­ры­луы жос­пар­ла­нып отыр­ған объ­ек­тiлер­дiң жал­пы са­ны­на қа­ра­ған­да пай­да­ла­ну­ға уақ­ты­лы ен­гiзiл­ме­ген объ­ек­тiлер­дiң үлесi
1 – 13%
3
14 – 26%
2
27 – 40%
1
40%-дан астам
0
7
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу – 18 балл
100%
18
99,9 – 99,3%
16
99,2 – 98,6%
14
98,5 – 97,9%
12
97,8 – 97,2%
11
97,1 – 96,5%
10
96,4 – 95,8%
9
95,7 – 95,1%
8
95,0 – 94,4%
7
94,3 – 93,7%
6
93,6 – 93,0%
5
92,9 – 92,3%
4
92,2- 91,6%
3
91,5 – 90,9%
2
90,8 – 90,2%
1
90,1% және одан кем
0
8
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­рі­нің сер­пі­ні – 3 балл
Ба­рын­ша жо­ға­ры бал­л­ға қол жет­кі­зу (100%)
3
Көр­сет­кіш­тер­дің өсу жа­ғы­на
2
Көр­сет­кіш­тер­дің азаю жа­ғы­на неме­се бір­дей балл­дар алу
0
9
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың нәти­же­лі­лі­гі­нің көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы – 3 балл
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да са­ны жа­ғы­нан өл­ше­не­тін және ба­ға­ла­у­ға жа­та­тын бо­лып та­бы­ла­тын ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бо­луы
3
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бі­рі­нің бол­мауы не ті­ке­лей нәти­же­ге қол жет­кі­зу­ді ба­ға­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін неме­се түп­кі нәти­же­ле­рі бар ті­ке­лей нәти­же­лер­ді қай­та­лай­тын сан­дық си­па­ты­ның ор­ны­на іс-ша­ра­лар­дың бо­луы
0
10
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­да­удың ти­ім­ді­лі­гі - 16 балл
99 – 100%
16
97,9 – 98,9%
14
96,8 – 97,8%
12
95,7 – 96,7%
10
94,6 – 95,6%
8
93,5 – 94,5%
6
92,4 – 93,4%
4
91,3 – 92,3%
2
91,2% және одан кем
0
11
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бол­мауы – 3 балл
Бол­мауы
3
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
0
Ұзақ мер­зім­ді ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
1
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің өзге­рі­сте­рі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
2
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
0
12
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бол­мауы – 3 балл
Бол­мауы
3
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
0
Ұзақ мер­зім­ді ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
1
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің өзге­рі­сте­рі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
2
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
0
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына
3-қосымша
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің
тиімділігін бағалау әдістемесіне 8-қосымша
Нысан
Бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер кестесі _____________________________________________________ (бағаланатын мемлекеттік орган)
р/с №
об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның қо­ры­тындысы
Ба­ға­ла­на­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қар­сы­лы­ғы
Ша­ғым­да­ну қо­ры­тындысы бой­ын­ша ше­шім қа­был­да­на­ды/қа­был­дан­бай­ды
Қар­сы­лық­тың қа­был­дан­бау се­бе­бі
1
2
3
4
5
1
2
Шағымдануды ескере отырып жалпы балл _________________________ құрады
Комиссия төрағасы, лауазымы               қолы     қолды таратып жазу
Шағымдану қорытындысымен таныстым:
Мемлекеттік органның өкілі,               қолы     қолды таратып жазу
лауазымы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына
4-қосымша
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің
тиімділігін бағалау әдістемесіне 9-қосымша
Нысан
Есепті ақпаратта қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындысы бойынша САЛЫСТЫРУ АКТІСІ
_____________________________________________________________________ (облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы _________________________________ органның, ауданның (есепті кезең) (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының атауы)

Ата­уы
Ше­ге­рі­ле­тін балл­дар
1
Есеп­ті ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы ұсын­бау
2
То­лық емес ақ­па­рат­ты ұсы­ну
3.
Дәй­ек­сіз ақ­па­рат­ты ұсы­ну
Бар­лы­ғы:

1 1. Бағалау кестесіне сәйкес жергілікті атқарушы органның есепті ақпаратты жіберу мерзімі: 20______ жылғы «________» _________________

Есепті ақпаратты ұсынудың нақты күні: 20___ жылғы «____» ______
Шегерім: ______ баллды құрайды.

2 2. Толық емес ақпарат ұсынылды, оның ішінде есепті ақпараттың құрылымында белгіленген талаптарда көзделген мынандай элементтер (қосымшалар, бөлімдер, кестелері, көрсеткіштердің мәндері және т.б.) жоқ:

1 1) ____________________________________________________________

2 2) ____________________________________________________________


Шегерім: ______ баллды құрайды.

3 3. Дәйексіз ақпарат ұсынылды. Қайта тексеру барысында мынадай дұрысқа сәйкес келмейтін фактілер анықталды:

1 1) ____________________________________________________________

2 2) ____________________________________________________________


Шегерім: ______ баллды құрайды.
ЖИЫНТЫҚ ШЕГЕРІМ: ______ балл.
Уәкілетті органның өкілі,
лауазымы                     _________  ________ ____________________
(күні)    (қолы)  (қолды таратып жазу)
Бағаланатын жергілікті атқарушы
органның өкілі, лауазымы         ______  _______ ____________________
(күні)   (қолы) (қолды таратып жазу)

Қолданыстағы