О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 14 сентября 2012 года № 64/10 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 14 сентября 2012 года № 64/10 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 64/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 115/14
- Қабылданған күні
- 21.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2013 71002_184371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PA003419
- ЭКБ идентификаторы
- 71002
- Редакция идентификаторы
- 71002_184371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:57
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 64/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 64/10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 қазандағы № 3233 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 қазандағы, 2012 жылғы 22 қазандағы "Версия" газетінің № 41, 42 және 2012 жылғы 19 қазандағы, 2012 жылғы 29 қазандағы "Шаhар" газетінің № 39, 40 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 5), 8), 15), 23), 26) тармақшалары алынып тасталсын;
1-тармақта:
17-тармақшаның екінші абзацындағы "67000 (алпыс жеті мың) теңге" сөздері "68000 (алпыс сегіз мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақшаның бірінші абзацындағы "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің мамандарымен қызмет көрсетілетін жалғыз тұратын зейнеткерлерге телефон орнату үшін нақты шығындар бойынша, бірақ 13000 (он үш мың) теңгеден аспайтын;" сөздері алынып тасталсын;
21-тармақшаның екінші, бесінші абзацтарындағы "1000 (бір мың) теңге" сөздері "2000 (екі мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақшаның жетінші абзацындағы "Еңбек ресурстарының мобильдігін жоғарлату" бағытын іске асыру бойынша 2020 еңбекті қамту бағдарламасына қатысушыларға төлем мөлшері бір отбасыға он бес айлық есептік көрсеткіштерін құрайды. Әлеуметтік көмек екінші жарты жылдықта беріледі;" сөздері алынып тасталсын.