О внесении изменения в решение Жалагашского районного маслихата от 14 августа 2013 года N 23-3 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жалагашского районного маслихата от 14 августа 2013 года N 23-3 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 тамыздағы N 23-3 шешіміне озгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-4
- Қабылданған күні
- 23.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2014 AI77381_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LF004590
- ЭКБ идентификаторы
- 77381
- Редакция идентификаторы
- AI77381_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:04
0 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 тамыздағы N 23-3 шешіміне озгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 тамыздағы N 23-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4510 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 қыркүйектегі "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің негізгі түрінің кіріспе бөлігі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:”;
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының
XХVІІІ сессиясының төрағасы Ә. БЕКЖАНОВ
Жалағаш аудандық
мәслихатының хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ