Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан"

Өзге акт · № 23/136-V · қабылданған 23.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2013-no-1281-v-ekb-77405/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 23/136-V ·23.01.2014
27.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 23/136-V · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан"
Атауы (қаз.)
Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 12/81-V "Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/136-V
Қабылданған күні
23.01.2014
Көрсетілген редакция
27.09.2017 77405_241930.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14UD002527
ЭКБ идентификаторы
77405
Редакция идентификаторы
77405_241930
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:04

0 Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 12/81-V "Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 Қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 12/81-V «Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2255 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 6 сәуірдегі «Түркістан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы