О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 14 марта 2013 года № 130-V "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Курмангазинском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 14 марта 2013 года № 130-V "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Курмангазинском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы № 130-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 268-V
- Қабылданған күні
- 20.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2014 76525_272686.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TH002835
- ЭКБ идентификаторы
- 76525
- Редакция идентификаторы
- 76525_272686
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:29
0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы № 130-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы № 130-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2710 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2013 жылғы 1 мамырдағы жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) 2-тармақта:
"8 тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 6-тармағының 9) тармақшасы" деген сөздермен толықтырылсын;
2 2) 6-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: "уәкілетті органға:
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;"
3 3) 20-тармақта:
"қаржы бөліміне", "қаржы бөлімі" деген сөздер "аудандық экономика және қаржы бөліміне", "аудандық экономика және қаржы бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын.