О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 14 ноября 2013 года № 16-2 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 14 ноября 2013 года № 16-2 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе"
- Атауы (қаз.)
- Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-2 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-4
- Қабылданған күні
- 18.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2020 78624_446200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZK003496
- ЭКБ идентификаторы
- 78624
- Редакция идентификаторы
- 78624_446200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:27
0 Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-2 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3364 тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы "Екпін" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
3 тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін төлемақыға шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының бес пайызы мөлшерінде аз қамтылған отбасылар (азаматтар), ерлі-зайыпты зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты мүгедектер, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар үшін белгіленеді.";
5 тармақтың 3 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;".