Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 16-ө «Об утверждении Требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля»

Бұйрық · № 556 · қабылданған 23.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2013-no-16/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 16-ө «Об утверждении Требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля» Күшін жойған Бұйрық ·№ 556 ·23.12.2016
07.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 16-ө «Об утверждении Требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 556 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 16-ө «Об утверждении Требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля»
Атауы (қаз.)
«Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
556
Қабылданған күні
23.12.2016
Көрсетілген редакция
07.09.2018 109258_360951.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014696
ЭКБ идентификаторы
109258
Редакция идентификаторы
109258_360951
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:42

0 «Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8376 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің № 162 (28101) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының30) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұйрыққа қоса тіркелген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар бекітілсін.»;
Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптардың қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов _______________
2016 жылғы «____» __________

0 1. Жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 556 бұйрығына қосымша
Өндірістік экологиялық
бақылау нәтижелері
бойынша есептілікке қойылатын
талаптардың қосымшасы
Нысан
Өндірістік экологиялық бақылау туралы есептілік
Нысанның индексі: ӨЭБ
Есепті кезең: тоқсан сайын, жыл сайын
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар
Нысан қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне
Нысанның берілетін мерзімі:
тоқсандық есептері есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингі шеңберінде операциялық экологиялық мониторинг және эмиссиялар мониторингі бойынша тоқсандық және жылдық есептерді есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті шеңберінде әсер ету мониторингі бойынша жылдық есепті кезең аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде ұсынылады.
1- кесте
1. Жалпы мәліметтер
№ р/н
Өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің ата­уы (ор­на­лас­қан же­рі)
Өн­ді­рі­стік про­це­стің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Өн­ді­рі­стік эко­ло­ги­я­лық ба­қы­лау жи­і­лі­гі
1
2
3
4
2- кесте
2. Зертхана туралы мәліметтер
№ р/н
Ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның ата­уы
Ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы ат­те­ста­ты­ның нө­мі­рі және мер­зі­мі
Сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның ак­кре­дит­тел­ген са­ла­сы
1
2
3
4
3- кесте
3. Эмиссия мониторингі
3.1. Атмосфералық ауа
Шы­ға­рын­ды кө­зі­нің ата­уы (шы­ға­рын­ды кө­зі­нің нө­мі­рі)
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Бел­гі­лен
ген нор­ма­тив, грамм/се­кунд, тон­на/жыл
Мо­ни­то­ринг­тің нақ­ты нәти­же­сі (грамм/се­кунд, тон­на/тоқ­сан, тон­на/жыл)
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шы­ға­рын­ды­лар­ды сақ­тау
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.2. Су ресурстары
Әсер ету көз­де­рі­нің ата­уы (ба­қы­лау нүк­те­ле­рі)
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Бел­гі­лен­ген нор­ма­тив, мил­ли­грамм/тек­ше де­ци­метр, тон­на/жыл
Мо­ни­то­ринг­тің­нақ­ты нәти­же­сі мил­ли­грамм/ тек­ше де­ци­метр, тон­на/тоқ­сан, тон­на/жыл
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шы­ға­рын­ды­лар­ды сақ­тау неме­се асы­ру
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Қал­дық­тар­ды сақ­тау және кө­му ор­ны­ның ата­уы (ор­на­лас­қан же­рі)
Қал­дық­тар­дың түр­ле­рі
Қа­уіп­ті­лік дең­гейі
Эмис­сия нор­ма­ти­ві (тон­на/жыл)
Қал­дық­тар­ды нақ­ты ор­на­ла­сты­руы (тон­на/жыл)
Қал­дық­тар­ды кә­де­ге жа­ра­ту/өн­деу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі
Әсер ету кө­зі­ні­ңа­та­уы (ба­қы­лау нүк­те­ле­рі)
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Бел­гі­лен­ген нор­ма­тив (мил­ли­грамм/ки­ло­грамм)
Мо­ни­то­ринг­тің нақ­ты нәти­же­сі (мил­ли­грамм/ки­ло­грамм)
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шы­ға­рын­ды­лар­ды сақ­тау неме­се асы­ру
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша­іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.5. Радиациялық мониторинг
Әсер ету кө­зі­нің ата­уы (ба­қы­лау нүк­те­ле­рі)
Бел­гі­лен­ген нор­ма­тив (өл­шем бір­лі­гі мик­ро­зи­верт/са­ға­ты­на)
Мо­ни­то­ринг­тің нақ­ты нәти­же­сі (өл­шем бір­лі­гі мик­ро­зи­верт/са­ға­ты­на)
«Ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету­ге қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар» нор­ма­ти­ві­нің мөл­шер­ден асуы неме­се сақ­та­луы
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
4-кесте
4. Санитариялық-қорғау аймағы шекарасында әсер ету мониторингі
4.1. Атмосфералық ауа
Сы­на­ма­лар алы­на­тын нүк­те
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Нақ­ты шо­ғыр­ла­ну
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шо­ғыр­ла­ну мөл­ше­рі (ба­рын­ша бір рет­тік,мил­ли­грамм/ тек­ше метр)
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шо­ғыр­ла­ну­дың асып тү­суі, есе­лі­гі
Заң бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою және эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар
1
2
3
4
5
6
4.2. Су ресурстары
Сы­на­ма­лар алы­на­тын нүк­те
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Нақ­ты шо­ғыр­ла­ну
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шо­ғыр­ла­ну мөл­ше­рі (мил­ли­литр/литр)
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шо­ғыр­ла­ну­дың асып тү­суі, есе­лі­гі
Заң бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою және эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар
1
2
3
4
5
6
4.3. Топырақ жамылғысы
Сы­на­ма­лар алы­на­тын нүк­те
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Нақ­ты шо­ғыр­ла­ну
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шо­ғыр­ла­ну мөл­ше­рі, мил­ли­грамм/ки­ло­грамм
Шек­ті жол бе­рі­л­ген шо­ғыр­ла­ну­дың асып тү­суі, есе­лі­гі
Заң бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою және эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар
1
2
3
4
5
6
Жетекшісі__________________________________ ____________
(Тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы_____________________________ ____________
(Тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ұйымның атауы___________________________________________
БСН/ЖСН_________________________________________________
Ұйымның мекенжайы_______________________________________
Ұйымның телефон нөмірі__________________________________
М.О.
Ескерту: Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есептілікті толтыру бойынша анықтама осы есептіліктің қосымшасына сәйкес келтірілген.
Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есептілікті
толтыру бойынша анықтама

1 1. Өндірістік экологиялық бақылау туралы есептілік нысаны 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. Өндірістік экологиялық бақылау туралы есептілік (бұдан әрі – Есептілік) тоқсан сайын, есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.

3 3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

«Жалпы мәліметтер» деген 1-кестеде:
1-бағанда рет бой ынша № толтырылады;
2-бағанда өндірістік объектінің атауы (орналасқан орны) көрсетіледі;
3-бағанда өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
4-бағанда өндірістік экологиялық бақылау жиілігі көрсетіледі;
«Зертхана туралы мәліметтер» деген 2-кестеде:
1-бағанда рет бой ынша № толтырылады;
2-бағанда аккредиттелген сынақ зертханасының атауы көрсетіледі;
3-бағанда аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі көрсетіледі;
4-бағанда сынақ зертханасының аккредиттелген саласы аккредиттеу саласының көшірмелерімен қоса көрсетіледі;
«Эмиссия мониторингі» деген 3-кестеде:

3.1 3.1. Атмосфералық ауа

1-бағанда шығарынды көзінің атауы көрсетіледі (шығарынды көзінің нөмірі шекті жол берілген шығарындылар жобасына сәйкес көрсетіледі);
2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;
3-бағанда эмиссиялардың белгіленген нормативі (грамм/секунд, тонна/жыл) көрсетіледі;
4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (грамм/секунд, тонна/тоқсан, тонна/жыл көрсетіледі;
5-бағанда шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру көрсетіледі;
6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

3.2 3.2. Су ресурстары:

1-бағанда әсер ету көздерінің атауы көрсетіледі (шығару нүктесіндегі ластаушы заттардың шоғырлану нормативтерін сақтау үшін бақылау нүктелері шекті жол берілген шығарындылар жобасына сәйкес көрсетіледі);
2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;
3-бағанда белгіленген норматив (миллиграмм/текше дециметр, тонна/жыл) көрсетіледі;
4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/текше дециметр, тонна/тоқсан, тонна/жыл) көрсетіледі;
5-бағанда шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру көрсетіледі;
6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

3.3 3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары

1-бағанда қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері) көрсетіледі;
2-бағанда қалдықтардың түрлері көрсетіледі;
3-бағанда қауіптілік деңгейі көрсетіледі;
4-бағанда эмиссия нормативтері (тонна/жыл) көрсетіледі;
5-бағанда қалдықтарды нақты орналастыру (тонна/жыл) көрсетіледі;
6-бағанда қалдықтарды кәдеге жарату/өндеу бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

3.4 3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі

1-бағанда әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері) көрсетіледі;
2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;
3-бағанда белгіленген норматив (миллиграмм/килограмм) көрсетіледі;
4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/килограмм) көрсетіледі;
5-бағанда шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру, фондық шоғырлану көрсетіледі;
6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

3.5 3.5. Радиациялық мониторинг

1-бағанда әсер ету көзінің атауы көрсетіледі;
2-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №155 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 тіркелген) гигиеналық нормативтеріне (бұдан әрі - нормативтер) сәйкес белгіленген өлшем бірліктері көрсетіледі;
3-бағанда нормативтерге сәйкес есептелінетін мониторингтің нақты нәтижесі көрсетіледі;
4-бағанда нормативтерге сәйкес есептелінетін нормативтердің сақталуы немесе асуы көрсетіледі;
5-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі.
«Санитариялық-қорғау аймағы шекарасында әсер ету мониторингі» деген 4-кестеде:

4.1 4.1. Атмосфералық ауа

1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;
2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;
3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;
4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану мөлшері (барынша бір реттік, миллиграмм/текше метр) көрсетіледі;
5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;
6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі;

4.2 4.2. Су ресурстары

1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;
2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;
3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;
4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану мөлшері, (миллилитр/литр) көрсетіледі;
5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;
6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі;

4.3 4.3. Топырақ жамылғысы

1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;
2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;
3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;
4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану мөлшері, миллиграмм/килограмм көрсетіледі;
5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;
6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі.

Қолданыстағы