Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 14 августа 2013 года № 249 "Об утверждении Правил по разработке стандартов и регламентов государственных услуг"

Бұйрық · № 133 · қабылданған 12.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2013-no-249/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 14 августа 2013 года № 249 "Об утверждении Правил по разработке стандартов и регламентов государственных услуг" Күшін жойған Бұйрық ·№ 133 ·12.05.2014
19.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 14 августа 2013 года № 249 "Об утверждении Правил по разработке стандартов и регламентов государственных услуг"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 133 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 14 августа 2013 года № 249 "Об утверждении Правил по разработке стандартов и регламентов государственных услуг"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
133
Қабылданған күні
12.05.2014
Көрсетілген редакция
19.09.2015 AI80166_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009432
ЭКБ идентификаторы
80166
Редакция идентификаторы
AI80166_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:42

0 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8622 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидада:
11-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін әзірлеу:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) және мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылдарын ретке келтіруді;
2) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне қайшы келмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің артық рәсімдерін (іс-қимылдарын) жоюды;
3) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне қайшы келмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін, қызмет алушылар ұсынатын құжаттар санын қысқартуды;
4) мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мүмкіндіктерін айқындауды;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін модельдеуді көздейді.»;
20-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Қағидаға 7-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Д.М. Шәженоваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат агенттігі
_____________ А. Жұмағалиев
2014 жылғы 11 мамыр

0 Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы _____________________________________ (Мемлекетік көрсетілетін қызмет атауы)

Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2014 жылғы 12 мамырдағы № 133
бұйрығына қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттары мен регламенттерін
әзірлеу бойынша қағидаға
7-1-қосымша
нысан
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы _____________________________________ (Мемлекетік көрсетілетін қызмет атауы)
*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қолданыстағы