Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 106 "Об утверждении Правил деятельности комиссии по лицензированию судебно экспертной деятельности"

Бұйрық · № 195 · қабылданған 28.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2014-no-106/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 106 "Об утверждении Правил деятельности комиссии по лицензированию судебно экспертной деятельности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 195 ·28.04.2016
29.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 106 "Об утверждении Правил деятельности комиссии по лицензированию судебно экспертной деятельности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 195 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 106 "Об утверждении Правил деятельности комиссии по лицензированию судебно экспертной деятельности"
Атауы (қаз.)
"Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
195
Қабылданған күні
28.04.2016
Көрсетілген редакция
29.12.2016 103535_136791.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013799
ЭКБ идентификаторы
103535
Редакция идентификаторы
103535_136791
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:22

0 «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Казақстан Республикасы Заңының 15-бабының  4-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына» (әрі қарай – Ереже), (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9242 болып тіркелген, 2014 жылы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесінде:
3, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және сот-сараптама қызметін лицензиялау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
4. Комиссияның құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде бес адам емес) тұрады. Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және ғылыми дәрежесі немесе осы ғылым саласында кемінде 5 жыл ғылыми және сарапшылық өтілі бар Сот сараптамасы орталығының өкілдері енгізіледі».
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны беруді немесе беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті жүргізеді».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы