Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 193 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 39 · қабылданған 07.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2014-no-193-ekb-103843/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 193 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 39 ·07.06.2016
29.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 193 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 39 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 193 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39
Қабылданған күні
07.06.2016
Көрсетілген редакция
29.04.2024 103843_699633.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NG006513
ЭКБ идентификаторы
103843
Редакция идентификаторы
103843_699633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:52

0 Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы

№ 193 «Тұрғын үй көмегін көрсету
ережесін бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 «Тұрғын үй көмегін көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Әулиекөл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
2, 3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы- Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Әулиекөл аудандық бөліміне (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) жүгінеді немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтінішпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11015 тіркелген) бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады-күнтізбелік 10 (он) күн.
Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысы
__________________________
Жылыспаев А.А.
2016 жылғы «7» маусым

Қолданыстағы