Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 247 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Костанайском районе»

Өзге акт · № 30 · қабылданған 28.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2014-no-247/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 247 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Костанайском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 30 ·28.04.2023
23.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 247 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Костанайском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 30 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 247 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Костанайском районе»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 «Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30
Қабылданған күні
28.04.2023
Көрсетілген редакция
23.04.2024 180614_698595.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23NN009994
ЭКБ идентификаторы
180614
Редакция идентификаторы
180614_698595
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:26

0 Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 «Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мәслихаттың «Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қөрсетілген шешімдегі 1-қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.»;
қөрсетілген шешімдегі 1-қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану шығыстарына ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.»;
қөрсетілген шешімдегі 1-қосымшаның 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен тоқсанына бір рет көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.»;
қөрсетілген шешімдегі 1-қосымшаның 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы