Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 338 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление сельского хозяйства акимата Костанайской области"

Қаулы · № 574 · қабылданған 17.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2014-no-338-ekb-85092/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 338 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление сельского хозяйства акимата Костанайской области" Күшін жойған Қаулы ·№ 574 ·17.11.2014
04.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 338 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление сельского хозяйства акимата Костанайской области"

Күшін жойған Қаулы ·№ 574 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 338 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление сельского хозяйства акимата Костанайской области"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
574
Қабылданған күні
17.11.2014
Көрсетілген редакция
04.01.2017 85092_142031.kaz
Соңғы өзгеріс
04.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14N0005233
ЭКБ идентификаторы
85092
Редакция идентификаторы
85092_142031
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:57

0 Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 338 "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4958 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) тармақшалармен толықтырылсын:
"53) астық сапасын және қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
54) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеру) жүзеге асырады;
55) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
56) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
57) тұқымдардың мемлекеттік ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
58) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
59) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
60) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
61) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.".

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы