Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 339 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление ветеринарии акимата Костанайской области"

Қаулы · № 521 · қабылданған 27.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2014-no-339/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 339 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление ветеринарии акимата Костанайской области" Күшін жойған Қаулы ·№ 521 ·27.10.2014
22.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 339 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление ветеринарии акимата Костанайской области"

Күшін жойған Қаулы ·№ 521 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата от 14 июля 2014 года № 339 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление ветеринарии акимата Костанайской области"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 339 "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
521
Қабылданған күні
27.10.2014
Көрсетілген редакция
22.02.2017 84512_160996.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14N0005158
ЭКБ идентификаторы
84512
Редакция идентификаторы
84512_160996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:11

0 Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 339 "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 339 "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) 14-2) 14-3) 14-4) 14-5) 14-6) 14-7) 14-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер береді;
14-2) тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
14-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізеді;
14-4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
14-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
14-6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырады;
14-7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
14-8) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды.".

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы