О внесении изменения в постановление акимата города Кокшетау от 14 марта 2014 года № А-3/505 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства города Кокшетау"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Кокшетау от 14 марта 2014 года № А-3/505 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства города Кокшетау"
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/1161
- Қабылданған күні
- 26.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2016 81736_176515.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BA004301
- ЭКБ идентификаторы
- 81736
- Редакция идентификаторы
- 81736_176515
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:18
0 Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 «Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесінің:
2 тарауының 16 тармағының 13) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«13) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың мемлекеттік тіркеуде бары не жоғы туралы анықтама беру;».