О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 14 июля 2014 года № 3/584 "Об утверждении регламентов государственных услуг по лицензированию некоторых видов деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 14 июля 2014 года № 3/584 "Об утверждении регламентов государственных услуг по лицензированию некоторых видов деятельности"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 14 шілдедегі № 3/584 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/856
- Қабылданған күні
- 17.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2015 84458_254613.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001105
- ЭКБ идентификаторы
- 84458
- Редакция идентификаторы
- 84458_254613
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:17
0 Алматы қаласы әкімдігінің "Қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 14 шілдедегі № 3/584 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 14 шілдедегі № 3/584 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1077 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 9 тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар орталықпен өзара іс-қимыл тәртібінің және ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыны ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/856 қаулысына 1 қосымша
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау жөніндегі
қызметпен айналысу үшін
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4 қосымша
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
6 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/856 қаулысына 2 қосымша
«Ветеринария саласындағы
қызметке лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 4 қосымша
«Ветеринария саласындағы қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету