О внесении дополнения в постановление акимата от 14 февраля 2014 года № 400 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2014 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата от 14 февраля 2014 года № 400 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2014 году"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 400 "2014 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1927
- Қабылданған күні
- 04.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2014 82030_126898.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NA005009
- ЭКБ идентификаторы
- 82030
- Редакция идентификаторы
- 82030_126898
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:55
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 400 "2014 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2014 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 400 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4513 тіркелген, 2014 жылғы 08 сәуірде "Біздің Қостанай" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "2014 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары" деген қосымшада:
мына мазмұндағы реттік нөмірі 9–жолмен толықтырылсын:
"
9
"Көмек" қоғамдық қоры
Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін жүре біткен иммундық тапшылық синдромының профилактикасы бойынша әлеуметтік жұмыс жүргізуге көмек көрсету
10080
Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісімен – аптасына 40 сағаттан аспайды
Жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері
".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
"Помощь" қоғамдық қорының
атқарушы директоры
_______________ Ю. Калюжный