О внесении дополнений в постановление акимата от 14 ноября 2014 года № 423 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел образования акимата Мендыкаринского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата от 14 ноября 2014 года № 423 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел образования акимата Мендыкаринского района"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 423 "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 17.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2015 93187_24089.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NO005833
- ЭКБ идентификаторы
- 93187
- Редакция идентификаторы
- 93187_24089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:03
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 423 «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 423 «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5234 тіркелген, 2015 жылғы 08 қаңтарда «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі 16 -тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) халыққа психологиялық-медициналық–педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді»;
«Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар тізбесі мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Меңдіқара ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».