Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 51 «Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике здравоохранения и инструкций по их заполнению»

Бұйрық · № 293 · қабылданған 02.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2014-no-51/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 51 «Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике здравоохранения и инструкций по их заполнению» Күшін жойған Бұйрық ·№ 293 ·02.12.2016
01.01.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 51 «Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике здравоохранения и инструкций по их заполнению»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 293 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 51 «Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике здравоохранения и инструкций по их заполнению»
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
293
Қабылданған күні
02.12.2016
Көрсетілген редакция
01.01.2018 108429_266814.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014611
ЭКБ идентификаторы
108429
Редакция идентификаторы
108429_266814
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:05

0 «Денсаулық сақтау статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының

2014 жылғы 14 қарашадағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Денсаулық сақтау статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы

14 қарашадағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10084 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 7), 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
7, 8-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5.Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрi
Т. Дүйсенова ______________
2016 жылғы 5 желтоқсан
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы
28 желтоқсандағы № 14611

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы
2 желтоқсандағы№ 293 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2014 жылғы
14 қарашадағы№ 51 бұйрығына
7-қосымша
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения
Приложение 7
к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан
от 14 ноября 2014 года № 51
Аумақтық статистика органына тапсырылады
Представляется территориальному органу статистики
Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейiн
1-2
2-4
4-8
8-40
40 сағаттан артық
до 1 часа
более 40 часов
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно
получить на сайте www.stat.gov.kz
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных  и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
Статистикалық нысан коды 631112004
Код статистической формы 631112004
Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп
7-ТПЗ
Отчет о травматизме, связанном с трудовой деятельностью, и профессиональных заболеваниях
Жылдық
Годовая
Есепті кезең
Отчетный период
жыл
год
Заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес атына жазатайым оқиға тіркелген заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, на которых был зарегистрирован несчастный случай в соответствии с порядком, установленным законодательством.
Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 25 ақпанға (қоса алғанда) дейін.
Срок представления – до 25 февраля (включительно) после отчетного периода.
БСН коды
код БИН
1. Заңды тұлғаның (бөлімшенің) нақты орналасқан орнын көрсетіңіз (оның тіркелген жеріне қарамастан) - облыс, қала, аудан, елді мекен
Укажите фактическое место расположения юридического лица (подразделения) (независимо от места его регистрации) – область, город,
район, населенный пункт
Əкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ƏАОЖ) сəйкес аумақ коды (статистика органының қызметкері толтырады)
Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (КАТО) (заполняется работником органа статистики)
Заңды тұлғаның (бөлімшенің) экономикалық қызметінің нақты жүзеге асырылатын түрлерінің коды мен атауын Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына
(ЭҚЖЖ бойынша код) сәйкес көрсетіңіз
Укажите наименование и код согласно Номеклатуре видов экономической деятельности (код по ОКЭД) фактически осуществляемого основного вида экономической деятельности юридического лица (подразделения)
2. Өндірістік жарақат оқиғасының (кәсіптік аурудың, уланудың) коды
Код случая производственной травмы (профзаболевания, отравления)
2.1 жазатайым оқиға актісінің № 2.2 жазатайым оқиғаның күні
№ акта несчастного случая дата несчастного случая
□□□ □□ □□ □□□□
нөмірі күні айы жылы
номер число месяц год
3. Зардап шегушінің жынысы: ер □ әйел □
Пол пострадавшего: мужской женский
4. Жасы (жарақат алған сәтіндегі толық жасының санын көрсету керек) □□
Возраст (указать число полных лет на момент получения травмы)
5. Кәсіптердің тізбесіне сәйкес зардап шегушінің мәртебесі (коды) □□
(статистикалық нысанға 1-қосымша)
Статус пострадавшего в соответствии с перечнем занятий (код)
(приложение 1 к статистической форме)
6. Сіздің жұмысыңыз ауысымды болып табыла ма, соны көрсетіңіз
Укажите, является ли ваша работа сменной
□ Иә → 7-сұрақ □ Жоқ → 8-сұрақ
Да вопрос 7 Нет вопрос 8
7. Жазатайым оқиға болған ауысымды көрсетіңіз 1 □ 2 □ 3 □
Укажите смену, в которой произошел несчастный случай
8. Зардап шегушінің жазатайым оқиға сәтіндегі денсаулық жағдайын
(сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес) белгілеңіз:
Отметьте физическое состояние пострадавшего в момент несчастного
случая (согласно заключению судебно - медицинской экспертизы):
Иә Жоқ
Да Нет
8.1. алкогольден масаю □ □
алкогольное опьянение
8.2. есірткіден масаю □ □
наркотическое опьянение
8.3. психиканың бұзылуы □ □
психическое расстройство
9. Статистикалық нысанның 2-қосымшасына сәйкес жарақат түрінің кодын көрсетіңіз
Укажите код вида травмы в соответствии с приложением 2
к статистической форме

10. Статистикалық нысанның 3-қосымшасына сәйкес зардап шеккен дене мүшелерінің
кодын көрсетіңіз
Укажите код пострадавших частей тела в соответствии с приложением 3
к статистической форме
11. Кәсіптік ауру түрінің тиісті кодын белгілеңіз
Отметьте соответствующий код вида профессионального заболевания

12. Статистикалық нысанның 4-қосымшасына сәйкес оқиға түрінің кодын көрсетіңіз
Укажите код вида происшествия в соответствии с приложением
4 к статистической форме □□
13. Статистикалық нысанның 5-қосымшасына сәйкес жазатайым оқиға себебінің кодын
көрсетіңіз
Укажите код причины несчастного случая в соответствии
с приложением 5 к статистической форме □□
14. Статистикалық нысанның 6-қосымшасына сәйкес зардап шегуші
жарақатының ауыртпалық дәрежесінің кодын көрсетіңіз
Укажите код степени тяжести травмы пострадавшего в соответствии
с приложением 6 к статистической форме □
15. Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан күнтізбелік күндерінің саны
Число календарных дней потери трудоспособности □□□
16. Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жұмыс күндерінің саны
Число рабочих дней потери трудоспособности □□□
17. Жазатайым оқиғаның материалдық зардаптары:
Материальные последствия несчастного случая:
17.1. Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленді, мың теңге □□□□□
Выплачено по листку нетрудоспособности, тысяч тенге
17.2. Басқа жұмысқа ауыстырғанда бұрынғы табысқа дейінгі
қосымша төлемдердің сомасы, мың теңге
Сумма доплат до прежнего заработка при переводе
на другую работу, тысяч тенге □□□□□
17.3. Біржолғы жәрдемақылар төленді, мың теңге
Выплачено единовременных пособий, тысяч тенге □□□□□
Атауы Мекенжайы
Наименование ________________________ Адрес ____________________________
_______________________________________ __________________________________
Телефоны __________________________
Электрондық почта мекенжайы (респонденттін)
Адрес электронной почты (респондента)___________________________
Алғашқы деректерді Алғашқы деректерді
жариялауға келісеміз* □ жариялауға келіспейміз* □
Согласны на опубликование Не согласны на опубликование
первичных данных* первичных данных*
Ескертпе:
Примечание:
*аталған тармақ Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы»
Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес толтырылады
*данный пункт заполняется согласно пункту 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан
«О государственной статистике»
Орындаушы
Исполнитель _____________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) телефон
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Бас бухгалтер
Главный бухгалтер _______________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы
Руководитель ______________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Место для печати (при наличии)

1 «Еңбек қызметімен байланысты

жарақаттану және кәсіптік аурулар
туралы есеп»
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына
1- қосымша
Жұмыстардың үлкейтілген топтарының,
шағын топтарының, құрамалы және базалық топтарының тізбесі
Коды
Атауы
0
Қарулы күштер
1
Билік органдарының жəне ұйымдардың басшыларын қоса барлық деңгейдегі басқарма басшылары (өкілдері)
2
Біліктілік деңгейі жоғары мамандар
3
Біліктілік деңгейі орта мамандар
4
Ақпарат дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен, есеп жүргізумен жəне қызмет көрсетумен айналысатын
5
Қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласының жəне тектес қызмет түрлерінің қызметкерлері
6
Ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кəсібінің білікті қызметкерлері
7
Ірі жəне ұсақ өнеркəсіп кəсіпорындарының, көркем кəсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның жəне жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлері
7.1
Кен, күрделі таулы, құрылыс-құрастырушы жəне жөндеу-құрылыс жұмыстарындағы жұмысшылар
7.2
Металл өңдеу жəне машина жасау өнеркəсібінің, монета өдірісінің жұмысшылары
7.3
Прецизиондық құрал-жабдықтар мен аспаптарды жасаумен айналысатын жұмысшылар, көркемдік өнеркəсібінің көркемдік кəсіп жəне басқа да өндіріс түрлерінің жұмысшылары, баспа өндірісінің жұмысшылары
7.4
Ірі жəне ұсақ өнеркəсіп кəсіпорындарының білікті жұмысшыларының басқа да кəсіптері
7.5
Көлік жəне байланыс жұмысшыларының кəсіптері*
7.6
Геологиямен жəне жер қойнауын барлаумен айналысатын жұмысшылардың кəсіптері
8
Қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері жəне слесарь-құрастырушылары
8.1
Өнеркəсіптік қондырғылар операторлары, аппаратшылары жəне машинистері
8.2
Стационарлық жабдықтардың операторлары, аппаратшылары, машинистері жəне слесарь-құрастырушылары
8.3
Қозғалмалы жабдықтардың жүргізушілері мен машинистері
9
Біліктілігі жоқ жұмысшылар
9.1
Қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласынының жəне тектес кəсіптердің білікті емес жұмысшылары
9.2
Ауыл, орман, аңшылық шаруашылықтарының, балық шаруашылығының жəне балық аулау кəсібінің білікті емес жұмысшылары
9.3
Өнеркəсіпте, құрылыста, көлікте, байланыста, геология жəне жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін білікті емес жұмысшылар
9.4
Экономиканың барлық саласына ортақ білікті емес жұмысшылар

2 «Еңбек қызметімен байланысты

жарақаттану және кәсіптік аурулар
туралы есеп»
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына
2-қосымша
Жарақат түрлерінің тізбесі*
Коды
Сипаттама
T0001
Сыртқы жарақат (тырналу, су көпіршігі (термиялық емес), соғып алу, сыртқы бөтен денеден жарақаттану, (үлкен ашық жараларсыз), жәндіктердің шағып алуы (улы емес) **
T01
Дененің бірнеше бөліктеріне жайылған ашық жарақат (соның ішінде кесілген, жұлынған, басқа денеге қадалған жарақат, шағып алу, қауып алу)
S0001
Жабық сынықтар**
S0002
Ашық сынықтар**
S0009
Басқа сынықтар (шығып кетумен, ығысумен) **
T143
Дененің анықталмаған бөлігінің қаптамалы-байламалық аппаратының шығуы, созылуы және оған артық күш тусуі
T058
Әртүрлі комбинацияларда дененің басқа мүшелерін қамтитын травматикалық отау
T0002
Шайқалудан болған жарақаттар және ішкі ағзалардың жарақаттары (соның ішінде жарылыс толқынынан, қанталаудан, шайқалудан, мылжаланған, шабылғаннан болған жарақаттар, қанды ісік жарақаты, тесілген жарылған және ішкі ағзалардың тесілуі) **
T0003
Күйіктер (термиялық) (электр қыздырғыш приборлардан, электр тогынан, жалыннан, үйкелуден, ыстық ауадан және ыстық газдан, ыстық заттардан, найзағайдан, радиациядан болған) **
T0004
Химиялық күйіктер**
T0005
Ыстық сұйықтықтан және будан болған күйіктер**
T0006
Үсу**
T0007
Жіті улану (кері әсерлер, инъекцияға тез реакция, улы, іріп-шіріген және каустикалық заттарды жұту, сору немесе дем алу, улы сұйықтықтармен байланыстағы удың әсерін қосқанда) **
A0001
Инфекциялар, соның ішінде жұқпалы ішек аурулары, кейбір зооноздар, паразиттік аурулар, вирустық жұқпалар, микоздар) **
J0001
Радиацияның күшті әсері**
T67
Жоғары температура мен жарық ықпалының әсерлері
T68
Гипотермия
T70
Атмосфера қысымы мен су қысымының әсері
T71
Тұншығу
T74
Қатыгез қарау синдромы
T750
Найзағайдан зақымдану (найзағайдан зақымданудан болған шок, БДУ найзағайынан зақымдану)
T751
Суға бату және батудан өлмеу
T752
Дірілдің әсері (бірден естімей қалуды қоса алғанда)
T754
Электр тогының әсері (электр тогымен өлімші болып зақымдану, электр тогынан болған шок)
T0098
Бірқатар басқа да жарақаттар**
T0099
Анықталмаған жарақат түрі**
Ескертпе:
* бұл жіктелім аурулар мен денсаулықпен байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық
жіктеуішіне (АХЖ-10) негізделген
** аталған сипаттамалар жарақаттардың (жиынтықталған атаумен) топтамалары болып табылады

3 «Еңбек қызметімен байланысты

жарақаттану және кәсіптік аурулар
туралы есеп»
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына
3-қосымша
Дененің зақымданған мүшелерінің тізбесі
Коды
Атауы
A1
Бастың шаш бөлігі, бас сүйек, ми, бас сүйек нервтері және қан тамырлары
А2
Құлақ (құлақтар)
АЗ
Көз (көздер)
А4
Тіс, тістер
А5
Беттің басқа да белгіленген мүшелері
А6
Бас, бастың көптеген зақымдары
А7
Бас, бастың басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да белгіленген мүшелері
А8
Бас, анықталмаған бөлігі
B1
Мойынның артқы бөлігі және бұғананың үстіңгі жағы
В8
Мойын, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері
В9
Мойын, анықталмаған бөлігі
C1
Омыртқа және омыртқалар
С8
Арқа, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері
С9
Арқа, анықталмаған бөлігі
D1
Кеуде клеткасы (қабырға, соның ішінде төс және омыртқаның кеуде бөлігі)
D2
Кеуде клеткасының басқа бөліктері, соның ішінде ішкі ағзалар
D3
Жамбас пен іштің төменгі бөлігі, соның ішінде ішкі ағзалар
D4
Сыртқы жыныс мүшелері
D7
Дене, оның көптеген бөліктерін зақымдау
D8
Дене, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері
D9
Дене және анықталмаған ішкі ағзалар
E1
Иық және иықтың жігі
Е2
Қол, соның ішінде шынтақ
ЕЗ
Білезік
Е4
Қолдың басы
Е5
Қол басының үлкен саусағы
Е6
Басқа саусақ (басқа саусақтар)
Е7
Қолдар, оның көптеген бөліктерін зақымдау
Е8
Қолдар, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері
Е9
Қолдар, анықталмаған
F1
Сан және ұршық буыны
F2
Тобық, соның ішінде тізе
F3
Тобық буыны
F4
Табан
F5
Табан башпайы (табан башпайлары)
F6
Аяқтар, оның көптеген бөліктерін зақымдау
F7
Аяқтар, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері
F8
Аяқтар, анықталмаған
G1
Жалпы әсері (мысалы, улану немесе жұқпалардан)
G8
Дененің көптеген бөліктерін зақымдау
Y
Басқа да зақымданған дене мүшелері
Z
Анықталмаған зақымданған дене мүшесі

4 «Еңбек қызметімен байланысты

жарақаттану және кәсіптік аурулар
туралы есеп»
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына
4-қосымша
Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиға түрлерінің тізбесі*
Коды
Атауы
1
Ұйымның көлігінде болған жол-көлік оқиғасы
2
Қоғамдық көлікте болған жол-көлік оқиғасы
3
Жеке меншік көлікте болған жол-көлік оқиғасы
4
Теміржол көлік оқиғасы
5
Әуежол көлік оқиғасы
6
Сужол көлік оқиғасы
7
Зардап шегушінің құлауы
8
Зардап шегушінің биіктен құлауы
9
Заттардың, материалдардың, жердің және т.б. құлауы, қирауы,  опырылуы
10
Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері
11
Электр тоғымен зақымдану
12
Шектен тыс температуралардың әсері (өрт)
13
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар мен заттардың әсері
14
Иондаушы сәулелердің әсері
15
Шамадан тыс жүктемелер
16
Жануарлармен және жәндіктермен жанасу нәтижесіндегі зақымдану
17
Суға бату
18
Кісі өлтіру немесе денесіне зақым келтіру
19
Сұрапыл зілзала кезінде зақымдану
20
Кәсіби ауыру және улану
99
Оқиғалардың басқа түрі

5 «Еңбек қызметімен байланысты

жарақаттану және кәсіптік аурулар
туралы есеп»
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына
5-қосымша
Жазатайым оқиға себептерінің тізбесі*
Коды
Атауы
1
Жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс тозаңдануы мен газдануы
2
Шудың жоғары деңгейі
3
Тербелістің жоғары деңгейі
4
Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі
5
Жұқпалы ауру көздерімен қарым-қатынас (аурудың атауы көрсетіледі)
6
Шамадан артық жүктің адам организміне әсері
7
Машиналар, тетіктер және жабдықтардың құрылысындағы кемшіліктер
8
Ақаулы машиналарды, тетіктерді және жабдықтарды пайдалану
9
Технологиялық процестердің бұзылуы
10
Көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының бұзылуы
11
Автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы
12
Теміржол қозғалысы ережелерінің бұзылуы
13
Әуежол қозғалысы ережелерінің бұзылуы
14
Сужол қозғалысы ережелерінің бұзылуы
15
Авариялар
16
Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы
17
Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық қанағаттанғысыз жай-күйі, аумақтардың ұсталуы, жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер
18
Еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер
19
Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі немесе қолданбауы
20
Ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі
21
Еңбек және өндіріс тәртіптерін бұзу
22
Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу
23
Белгіленген еңбек режимін бұзу
24
Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы
99
Жазатайым оқиғалардың өзге де себептері

6 «Еңбек қызметімен байланысты

жарақаттану және кәсіптік аурулар
туралы есеп»
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына
6-қосымша
Зардап шегушінің жарақат ауыртпалығының дәрежесі*
Коды
Атауы
1
Жеңіл жарақат
2
Орташа жарақат
3
Ауыр жарақат
4
Қайтыс (қаза) болды

2 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 293
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының 2014
жылғы 14 ақпандағы № 51 бұйрығына
8-қосымша
«Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп»
(коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

1

1. Осы «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.

2 2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

1 1) адам өліміне әкелген өндірістік жарақат – осы жарақаттың себебі болған өндірістегі жазатайым оқиға күнінен бастап бір жыл ішінде өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат;

2

2) өндірістік (кәсіби) жарақаттар – жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында болған қызметкерлермен еңбек міндеттемелерін орындау үдерісінде жазатайым оқиға немесе денсаулыққа өзге де кері әсер ету нәтижесінде болған, ағымдағы жылы тексеріс жүргізілген барлық жарақаттар, кәсіби сырқаттар, уланулар және денсаулыққа өзге де кері әсер етулер.

3

3. Статистикалық нысан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу» 20-тарауының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» 4-бөліміне және «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына сәйкес толтырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген).
Өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат осы жарақаттың себебі болған өндірістегі жазатайым оқиға күнінен бастап бір жыл ішінде өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат ретінде өлшенеді.
Статистикалық нысанға өндірісте жұмысшылармен, қызметшілермен, олар бойынша Еңбек кодексіне сәйкес жазатайым оқиға тіркелген барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда тәжірибеден өтуі немесе жұмыстарды орындауы кезінде оқушылармен және студенттермен болған жазатайым оқиғалар туралы деректер кіреді.
Есепке алуға жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында болған қызметкерлермен еңбек міндеттемелерін орындау үдерісінде жазатайым оқиға немесе денсаулыққа өзге де кері әсер ету нәтижесінде болған, ағымдағы жылы тексеріс жүргізілген барлық жарақаттар, кәсіби сырқаттар, уланулар және денсаулыққа өзге де кері әсер етулер жатады.
Тергеп-тексеру барысында алкогольден немесе есірткіден масаю жағдайында өз денсаулығына қасақана зиян келтірген деп  белгіленген, жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсеріне қатысты емес зардап шегушінің денсаулығының кенеттен нашарлауы нәтижесіндегі еңбек қызметімен байланысты емес жарақаттар және қызметкер денсаулығының өзге де зақымданулары өндірістік (кәсіптік) ауру болып ресімделмейді.

4

4. 1-сұрақта заңды тұлғаның (бөлімшенің) (оның тіркелген жеріне қарамастан) нақты орналасқан орны - облыс, қала, аудан, елді мекен, сондай-ақ Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына (ЭҚЖЖ бойынша код) сәйкес заңды тұлғаның (бөлімшенің) экономикалық қызметінің нақты жүзеге асырылатын негізгі түрінің коды мен атауы көрсетіледі.
2.1-сұрақта жазатайым оқиға (кәсіптік ауру, улану) актісінің нөмірі қойылады;
2.2- сұрақта жазатайым оқиғаның (қәсіптік аурудың, уланудың) күні көрсетіледі.
3-сұрақта зардап шегушінің жынысы, 4-сұрақта жарақат алу сәтіндегі зардап шегушінің жасы көрсетіледі (толық жасының саны).
5-сұрақта статистикалық нысанның 1-қосымшасында көрсетілген Кәсіптер жіктеуішінен зардап шегушінің мәртебесі келтіріледі.
6-сұрақта жұмыс ауысымды болған-болмағаны жайлы көрсетіледі Еңбек кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес. «Жоқ» жауабын көрсеткен жағдайда 7-сұрақ толтырылмайды.
7-сұрақта жазатайым оқиға болған ауысым көрсетіледі Еңбек Кодексінің 71-бабының 5-тармағына сәйкес (бөлім ауысымдық жұмыс кезінде толтырылады).
8-сұрақта сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жазатайым оқиға сәтіндегі науқастың денсаулық жағдайы толтырылады.
9-сұрақта жарақат түрінің коды көрсетіледі. Осы жіктелім статистикалық нысанның 2-қосымшасында келтірілген Аурулар мен денсаулықпен байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктеуішіне (бұдан әрі – АХЖ-10) негізделген. (Жарақат түрі – жабық сынық – коды – S0001 (көптеген жарақаттарда 5-ке дейінгі кодтарды толтыру көзделген).
10-сұрақта статистикалық нысанның 3-қосымшасында келтірілген АХЖ-10 негізінде зардап шеккен дене мүшесінің коды көрсетіледі, (дененің бірнеше бөлігі зардап шеккен жағдайда 5-ке дейінгі кодтарды толтыру көзделген).
11-сұрақта кәсіптік ауру түрінің коды көрсетіледі. Өндірістегі ауыр кәсіптік ауру мен улану жағдайы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығымен бекітілген Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларына сәйкес аталған нысан бойынша жүргізілген материалдар негізінде Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11748 болып тіркелген), (бірнеше кәсіби ауру болған жағдайда 5-ке дейінгі кодтарды толтыру көзделген).
12-сұрақта статистикалық нысанның 4-қосымшасында көрсетілген оқиғалар түрлері тізбесінің коды көрсетіледі (Оқиға түрі – электр тогымен зақымдану – коды – 11).
13-сұрақта статистикалық нысанның 5-қосымшасында келтірілген жазатайым оқиға себептері тізбесінің коды көрсетіледі (Жазатайым оқиғаның себебі -еңбектің қауіпсіздігі тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер – коды -18).
14-сұрақта статистикалық нысанның 6-қосымшасында көрсетілген зардап шегуші жарақатының ауыртпалық дәрежесінің коды көрсетіледі (ауыртпалық деңгейі – орташа – коды – 2). Адам өліміне әкелген жағдайларды қоспағанда кәсіптік аурулардан зардап шеккендер бойынша бұл сұрақ толтырылмайды.
15, 16-сұрақтарда көрсетілген жоғалған уақыт еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтуға әкеп соғатын өндірістік жарақаттың әрбір жағдайы бойынша жеке өлшенеді. Осы жарақаттың жұмыс күндеріндегі де ауыртпалығын бағалау үшін ол зардап шеккен адамның уақытша еңбекке жарамсыз болған күнтізбелік күндерінің саны ретінде өлшенеді.
Жоғалған уақыт жазатайым оқиға болған күннен кейінгі бірінші күннен бастап жұмыс орнына оралған күннің алдындағы күнге дейін өлшенеді. Нақты өндірістік жарақат салдарынан жұмыста қайтадан болмаған жағдайда, әрбір кезең жоғарыда көрсетілгенге сәйкес өлшенеді, ал әрбір кезеңдегі жоғалтқан күндердің саны осы жарақаттың нәтижесінде жоғалтқан уақыттың жалпы санына қосылады. Жұмыста уақытша болмаған уақыт, егер ол емделу себебіне байланысты бір күннен аспаса, онда ол жоғалған уақытқа қосылмайды.
Бір және одан көп күнге еңбекке қабілетін жоғалтумен жазатайым оқиғаның материалдық зардаптары (адам өліміне әкеліп соқтырған жазатайым оқиғаның материалдық зардаптарын қосқанда) 17.1, 17.2, 17.3-жолдар бойынша көрсетіледі. Егер зардап шегушінің уақытша еңбекке жарамсыздығы алдыңғы жылдың соңынан бастап созылса, онда мұндай жағдайда есепті жылдағы еңбекке жарамсыз (күнтізбелік және жұмыс) күндері мен (жазатайым оқиғаны сәйкестендіру үшін), кезеңдегі материалдық зардаптары тек бірінші жолға толтырылады.

5

5. Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз жеткізгіште немесе электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында (www.stat.gov.kz) орналастырылған «Деректерді on-line режимде жинау» ақпараттық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы