О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 808 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат сотрудникам органов внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 808 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат сотрудникам органов внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1112
- Қабылданған күні
- 30.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2019 137862_438382.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019820
- ЭКБ идентификаторы
- 137862
- Редакция идентификаторы
- 137862_438382
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:49
0 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10043 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларында:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ақшалай ризықты төлеу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
23 қарашадағы Еңбек кодексінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне лауазымдық жалақылар, арнаулы атағы үшін қосымша ақылар «Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 16 қазандағы қаңтардағы № 646 қбпү қаулысымен бекітілетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесімен айқындалады.»;
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қызметкерлерге лауазымдық жалақы ішкі істер органдарының штатында көрсетілген лауазымдар санаты бойынша («Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 17 қаңтардағы №1283 қбпү Жарлығына сәйкес) төленеді.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесімен белгіленеді.»;
71-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.