О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 808 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат сотрудникам органов внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 808 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат сотрудникам органов внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 743
- Қабылданған күні
- 14.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2022 171615_593328.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029586
- ЭКБ идентификаторы
- 171615
- Редакция идентификаторы
- 171615_593328
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:04
0 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10043 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларында:
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдері»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғын үй берудің орнына бюджет қаражатының есебінен арнайы ақшалай қамтылым түрінде тұрғын үй төлемдері төленеді.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген.»;
70-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көтерме жәрдемақы мынадай отбасы мүшелеріне төленеді: жұбайы (зайыбы), ерлi-зайыптылардың ортақ немесе бiрiнiң кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмiнде оқитын жиырма үш жасқа дейiнгi (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейiн мүгедектігі бар адам болған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедектігі бар балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердiң асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы.
71-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) отбасында мүгедектік тобы бойынша он сегіз жасқа жетпеген мүгедектігі бар бала болған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектік туралы анықтама;».