О внесении изменения в постановление акимата Толебийского района от 14 февраля 2014 года № 81 "Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Толебийского района от 14 февраля 2014 года № 81 "Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году"
- Атауы (қаз.)
- Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 81 "2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 523
- Қабылданған күні
- 24.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2014 83938_221842.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UM002851
- ЭКБ идентификаторы
- 83938
- Редакция идентификаторы
- 83938_221842
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:29
0 Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 81 "2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 81 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2568 тіркелген, 2014 жылғы 21 наурызда «Ленгер жаршысы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».