О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 97 «Об утверждении Нормативов питания животных и птиц, использующихся в видах спорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 97 «Об утверждении Нормативов питания животных и птиц, использующихся в видах спорта»
- Атауы (қаз.)
- «Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 65
- Қабылданған күні
- 02.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2023 179389_623330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032034
- ЭКБ идентификаторы
- 179389
- Редакция идентификаторы
- 179389_623330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:17
0 «Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың
жем-азығы нормативтерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 2 наурыздағы
№ 65 Бұйрыққ
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері
1.Спорттық жылқылардың күн сайынғы рационы
№
р/с
Рацион атауы
Өлшем бірлігі
Бір күнде
1
Сұлы
кг
6,0
2
Арпа
кг
3,5
3
Бидай
кг
2,0
4
Кебек
кг
2,5
5
Пішен (жоңышқа, еркекшөп)
кг
15
6
Тұз
кг
0,05
7
Бор
кг
0,10
8
Зығыр
кг
0,10
9
Жүгері
кг
1,0
10
Сәбіз
кг
1,5
11
Алма
кг
1,5
12
Бал
кг
0,2
13
Қант
кг
0,2
14
Жұмыртқа
дана
4
15
Сабан
кг
5,0
2.Саят құстарының рационы
1
Ет
кг
0,7