О внесении изменений в постановление акимата района от 14 марта 2014 года №09/01 «Об установлении карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 14 марта 2014 года №09/01 «Об установлении карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 «Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/03
- Қабылданған күні
- 06.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2015 93622_Some(108380).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KK003396
- ЭКБ идентификаторы
- 93622
- Редакция идентификаторы
- 93622_Some(108380)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:48
0 Аудан әкімдігінің 2014 жылғы
14 наурыздағы № 09/01
«Ақтөбе ауылдық округінің
Ақтөбе ауылы аумағында
карантин белгілеу туралы»
қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 «Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2562 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 наурыздағы № 11 (1045) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 25 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2 – тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. "Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін»;
4 – тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы» басшысы
_____________ Е. Садиров
2015 жылғы "06" 08