Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Жанакорганского района от 14 апреля 2014 года №194 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жанакорганского района»

Ереже · № 151 · қабылданған 27.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2014-no194/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Жанакорганского района от 14 апреля 2014 года №194 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жанакорганского района» Күшін жойған Ереже ·№ 151 ·27.12.2021
17.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Жанакорганского района от 14 апреля 2014 года №194 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жанакорганского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 151 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Жанакорганского района от 14 апреля 2014 года №194 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жанакорганского района»
Атауы (қаз.)
«Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі №194 Жаңақорған ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
151
Қабылданған күні
27.12.2021
Көрсетілген редакция
17.07.2024 163179_711565.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21LG00151M
ЭКБ идентификаторы
163179
Редакция идентификаторы
163179_711565
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:38

0 «Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын

өткізудің Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі №194 Жаңақорған ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі №194 Жаңақорған ауданы мәслихаты шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4671 болып тіркелген) қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа

енгізіледі.

3 Жаңақорған аудандық мәслихатының

2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№151 шешіміне қосымша
Жаңақорған ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жаңақорған ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Жаңақорған ауданында ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің (кенттің) аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің (кенттің) әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ (кент) әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ (кент) әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ (кент) әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауылдық округ (кент) әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағидалардың 4 тармағына сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол ауылдық округ (кент) әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы