О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 "Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 "Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2015 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 107-727 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107-1339
- Қабылданған күні
- 03.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2016 93472_89716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00940
- ЭКБ идентификаторы
- 93472
- Редакция идентификаторы
- 93472_89716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:50
0 «Астана қаласының мектепке дейінгі
ұйымдарындағы 2015 жылға бір
тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыруды
және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
14 мамырдағы № 107-727
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2015 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 107–727 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 мамырда № 907 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3261) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3279) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы, реттік нөмірлері 80-1, 98-1 жолдармен толықтырылсын:
«
80-1
Астана қаласы әкімдігінің «№ 80 «Ботақан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
140
24 406
3 жасқа
дейін – 8 400;
3-6 жастан – 10 080
»;
«
98-1
Астана қаласы әкімдігінің «№ 78 «Асыл» балабақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
240
30 139
3 жасқа
дейін – 8 400;
3-6 жастан – 10 080
».
2. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері бекітілген қаржыландыру жоспарлары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың ағымдағы шығындарын өтесін.
3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.