О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2015 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 107-727 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107-2223
- Қабылданған күні
- 03.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2016 96160_89718.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00978
- ЭКБ идентификаторы
- 96160
- Редакция идентификаторы
- 96160_89718
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:19
0 «Астана қаласының мектепке дейінгі
ұйымдарындағы 2015 жылға бір
тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыруды
және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
14 мамырдағы № 107-727
қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2015 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 107-727 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 мамырда № 907 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3261) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3279) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 98-4 жолмен толықтырылсын:
«
98-4
Астана қаласы әкімдігінің «№ 15 «Дарын» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
200
20 765
3 жасқа дейін – 14 700;
3-6 жастан – 16 800
».
2 2. «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген қаржыландыру жоспарлары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың ағымдағы шығындарын өтеуді 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жүзеге асырсын.
3
3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.А. Суханбердиеваға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.