Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны»

Қаулы · № 107-2090 · қабылданған 17.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no-107-727-2015-ekb-96161/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны» Күшін жойған 03.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны»

Күшін жойған Қаулы № 107-2090 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 14 мая 2015 года № 107-727 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2015 год в дошкольных организациях города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2015 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 107-727 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107-2090
Қабылданған күні
17.11.2015
Көрсетілген редакция
03.05.2016 96161_89710.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ABW00977
ЭКБ идентификаторы
96161
Редакция идентификаторы
96161_89710
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:35
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Астана қаласының мектепке дейінгі

ұйымдарындағы 2015 жылға бір
тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыруды
және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
14 мамырдағы № 107-727
қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының  7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2015 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 107–727 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 мамырда № 907 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3261) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3279) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 80-2 жолмен толықтырылсын:
«
80-2.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 83 «Жансая» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
240
21 587
3 жасқа дейін – 14 700;
3-6 жастан – 16 800
».

2. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындарын өтеуді жүргізсін.

3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.А. Суханбердиеваға осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелген тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.