О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1199 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 826 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области технического регулирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1199 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 826 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области технического регулирования»
- Атауы (қаз.)
- «Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 379-НҚ
- Қабылданған күні
- 28.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2022 172344_596200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029925
- ЭКБ идентификаторы
- 172344
- Редакция идентификаторы
- 172344_596200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:45
0
«Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
көрсетілген Өлшемшарттарға қосымшада:
реттік нөмірі 156 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
156.
моторвагонды жылжымалы құрамның вагондарын мүгедектігі бар адамдар мен балалары бар жолаушыларды жүріп өтуіне арналған орындармен жабдықтау. Қозғалғыштығы шектеулі азаматтардың жүріп өтуіне арналған жолаушылар вагондары мен моторвагонды жылжымалы құрам вагондарын мынадай құрылғылармен жабдықтау:
1) кресло-арбаны тез көтеріп-түсіруге және сенімді бекітуге арналған құрылғылар;
2) ауданы ұлғайтылған арнайы санитариялық тораптар;
3) ені ұлғайтылған жолдар
өрескел
»;
реттік нөмірлері 228 және 229 - жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
228.
жоғары жылдамдықты теміржол жылжымалы құрамында мүгедектігі бар адамдар мен балалары бар жолаушылардың жүруіне арналған орындардың болуы
өрескел
229.
қозғалғыштығы шектеулі адамдардың жүруіне арналған вагондарда жоғары жылдамдықты темір жол жылжымалы құрамының мынадай құрылғылардың болуы:
1) кресло-арбаны тез көтеріп-түсіруге және сенімді бекітуге арналған құрылғы;
2) ауданы ұлғайтылған арнайы санитариялық тораптар;
3) ені ұлғайтылған жолдар
өрескел
»;
реттік нөмірі 295 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
295.
лифтіде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын тасымалдауға арналған талаптарды сақтау үшін төмендегілер орындалады:
1) кабинаның өлшемі, кабинаның және шахтаның есік ойығының өлшемдері кабинадан қауіпсіз кіруді және шығуды, сондай-ақ пайдаланушының кабинасында кресло-арбамен орналастыруды қамтамасыз етеді;
2) пайдаланушыны кресло-арбада алып жүрушілерсіз тасымалдауға арналған лифт кабинасы мен шахтасының есіктері автоматты түрде ашылады және жабылады;
3) лифт кабинасы тұтқаның орналасуы пайдаланушының кабинаға және басқару құрылғыларына кіруін жеңілдететін кем дегенде бір тұтқамен жабдықталады;
4) кабинаның табалдырықтары мен қабатты алаң арасындағы көлденең және тік қашықтық кабинаға қауіпсіз кіруді және кресло-арбамен пайдаланушының кабинасынан шығуды қамтамасыз етеді;
5) лифт кабинасында және қабат алаңында басқару және сигнал беру (дыбыстық және жарықтық) құрылғыларының конструкциясы және орналасуы лифттің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді
өрескел
»;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымшада:
Техникалық реттеу саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 102 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
102.
моторвагонды жылжымалы құрамның вагондарын мүгедектігі бар адамдар мен балалары бар жолаушылардың жүріп өтуіне арналған орындармен жабдықтау. Қозғалғыштығы шектеулі азаматтардың жүріп өтуіне арналған жолаушылар вагондары мен моторвагонды жылжымалы құрам вагондарын мынадай құрылғылармен жабдықтау:
1) кресло-арбаны тез көтеріп-түсіруге және сенімді бекітуге арналған құрылғылар;
2) ауданы ұлғайтылған арнайы санитариялық тораптар;
3) ені ұлғайтылған жолдар
»;
реттік нөмірлері 174 және 175 - жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
174.
жоғары жылдамдықты теміржол жылжымалы құрамында мүгедектігі бар адамдар мен балалары бар жолаушылардың жүруіне арналған орындардың болуы
175.
қозғалғыштығы шектеулі азаматтардың жүруіне арналған вагондарда жоғары жылдамдықты темір жол жылжымалы құрамының мынадай құрылғылардың болуы:
1) кресло-арбаны тез көтеріп-түсіруге және сенімді бекітуге арналған құрылғылар;
2) ауданы ұлғайтылған арнайы санитариялық тораптар;
3) ені ұлғайтылған жолдар
»;
реттік нөмірі 241- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
241.
лифтіде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын тасымалдауға арналған талаптарды сақтау үшін төмендегілер орындалады:
1) кабинаның өлшемі, кабинаның және шахтаның есік ойығының өлшемдері кабинадан қауіпсіз кіруді және шығуды, сондай-ақ пайдаланушының кабинасында кресло-арбамен орналастыруды қамтамасыз етеді;
2) пайдаланушыны кресло-арбада алып жүрушілерсіз тасымалдауға арналған лифт кабинасы мен шахтасының есіктері автоматты түрде ашылады және жабылады;
3) лифт кабинасы тұтқаның орналасуы пайдаланушының кабинаға және басқару құрылғыларына кіруін жеңілдететін кем дегенде бір тұтқамен жабдықталады;
4) кабинаның табалдырықтары мен қабатты алаң арасындағы көлденең және тік қашықтық кабинаға қауіпсіз кіруді және кресло-арбамен пайдаланушының кабинасынан шығуды қамтамасыз етеді;
5) лифт кабинасында және қабат алаңында басқару және сигнал беру (дыбыстық және жарықтық) құрылғыларының конструкциясы және орналасуы лифттің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді
».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, Ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу комитеті
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі