О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1201 «Об утверждении перечня информационных систем и электронных информационных ресурсов, осуществляющих межгосударственное информационное взаимодействие через национальный шлюз Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1201 «Об утверждении перечня информационных систем и электронных информационных ресурсов, осуществляющих межгосударственное информационное взаимодействие через национальный шлюз Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1201 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87/НҚ
- Қабылданған күні
- 16.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2022 165747_566659.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027300
- ЭКБ идентификаторы
- 165747
- Редакция идентификаторы
- 165747_566659
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:05
0 «Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер
мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а.
2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1201 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13283 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрлігі Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 87/НҚ Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1201 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі