Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1205 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 823 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области автомобильного, железнодорожного, внутреннего водного транспорта и торгового мореплавания»

Бұйрық · № 658 · қабылданған 25.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no-1205-29-2015-no-823-ekb-174450/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1205 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 823 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области автомобильного, железнодорожного, внутреннего водного транспорта и торгового мореплавания» Қолданыста Бұйрық ·№ 658 ·25.11.2022
25.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1205 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 823 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области автомобильного, железнодорожного, внутреннего водного транспорта и торгового мореплавания»

Қолданыста Бұйрық ·№ 658 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 1205 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 823 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области автомобильного, железнодорожного, внутреннего водного транспорта и торгового мореплавания»
Атауы (қаз.)
«Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
658
Қабылданған күні
25.11.2022
Көрсетілген редакция
25.11.2022 174450_603121.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030827
ЭКБ идентификаторы
174450
Редакция идентификаторы
174450_603121
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:43

0

«Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12769 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына:
қосымшада:
«алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеулі емес) Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 231-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
231.
Поездың құрамында кресло-арбамен қозғалатын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары бар, кресло-арбамен қозғалатын адамдарға арналған мамандандырылған орындары бар вагонның болмауы.
өрескел
»;
реттік нөмірі 267-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
267.
Теміржол вокзалында билет кассаларының, күтуге арналған үй-жайлардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың, ана мен бала бөлмесінің, ақпараттық қызмет көрсету объектілерінің (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункттің, қоғамдық тәртіпті қорғау пункттің болмауы
елеулі
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Тасымалдаушыға қатысты теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 76-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
76.
Поездың құрамында кресло-арбамен қозғалатын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары бар, кресло-арбамен қозғалатын адамдарға арналған мамандандырылған орындары бар вагонның болмауы.
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдарына қатысты теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
10.
Теміржол вокзалында билет кассаларының, күтуге арналған үй-жайлардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың, ана мен бала бөлмесінің, ақпараттық қызмет көрсету объектілерінің (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункттің, қоғамдық тәртіпті қорғау пунктінің болмауы.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы