О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 14 января 2015 года № 15 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 14 января 2015 года № 15 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 29.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2019 134179_418116.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SJ005518
- ЭКБ идентификаторы
- 134179
- Редакция идентификаторы
- 134179_418116
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:59
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 қаулысына («Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 ақпанында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан
облысының полиция
департаменті Мамлют
ауданының полиция
бөлімінің бастығы
__________ С.Әлжанов
«____» __________ 2019 ж.
0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__» ________
№ ___ қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
мадақтау қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.
2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды мадақтау туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Мамлют ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Мамлют ауданының ПБ) енгiзедi.