О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 179 «Об утверждении Перечня видов соревнований, учебно-тренировочных сборов и их классификаций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 179 «Об утверждении Перечня видов соревнований, учебно-тренировочных сборов и их классификаций»
- Атауы (қаз.)
- «Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 301
- Қабылданған күні
- 27.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2023 189238_669175.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033697
- ЭКБ идентификаторы
- 189238
- Редакция идентификаторы
- 189238_669175
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:23
0 «Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін
және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасында:
«Спорттық жарыстар» 1-бөлімде:
«Республикалық жарыстар» 2-кіші бөлімде:
2.1.5.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.1.5. Жауынгерлік өнер фестивалі
Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган
»;
2.1.12.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.1.12. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы)
Төрт жылда бір рет өткізіледі (қажет болған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша үш жылда бір рет өткізілуі мүмкін). Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган
».